«Ашық есік күніне» 2000-ға жуық атыраулық қатысты (+ФОТО)

58594698 675913772843292 7391079266860924928 n Жаңалықтар

Аtr.kz/30 сәуір, 2019 жыл. Атырау облысында «Ашық есік күніне» 2000-ға жуық адам қатысты.

26 сәуірде Атырау облысындағы қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктерде, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік мекемелерде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

58570868 675913602843309 2214247767860051968 n
59320273 675913799509956 8935109538642657280 n

Ашық есік күніне жалпы саны 1770 адам қатысып, 1700-ден астам сауал қойылды. Әкімдіктер «Ашық есік күнін» мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі қағидасы бойынша ұйымдастырып, кездесулер өткізді.

– Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен барлық әлеуметтік мекемелерде кездесулер өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен әлеуметтік мекемелердің тұрғындармен өзара байланысын нығайту,- деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

58600134 675913846176618 1378241978650591232 n
59203740 675913639509972 522797407977603072 n

Айта кетейік, Ашық есік күндері әр айдың соңғы жұмасында өтеді.
Жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты жақсарту бағытында қала мен аудандардың әкімдеріне ай сайық Ашық есік күнін ұйымдастыру туралы тапсырма берілген болатын. Бұл бастаманы Атырау облысының әкімі 2019 жылдың қаңтарында Жылыой ауданында өткен көшпелі отырыста айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдерімен жиналыста барлық деңгейдегі әкімдерге халықпен жиі кездесіп тұру туралы тапсырма берді.

58707923 675913679509968 1005939799523065856 n
58669661 675913712843298 7692791124447985664 n
58729783 803823273333491 6774636801437990912 o
58549708 803823233333495 1497767701567766528 o
59265544 803823150000170 5964038462498668544 o
58684958 803823116666840 8513790602867900416 o
59234800 803823073333511 2863371730359943168 o
58649482 803823023333516 7284691561139404800 o
58857967 803822980000187 202679751511375872 o
58571065 803822923333526 3044803806211604480 o
58673954 803822896666862 9126303284884144128 o
59568517 803822766666875 6180461319083261952 o
58608374 803822466666905 4703595028616839168 o
59168522 803822383333580 6082652557132431360 o
58666101 803822306666921 3463235785229074432 o
58673885 803822406666911 1471899272457748480 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз