Асхан Байдувалиев Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына орынбасар болып тағайындалды

img 20200819 wa0066 Жаңалықтар
Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. «Бұған дейін осы қызметте болған Гүлнафис Таңбаеваның басқа жұмысқа ауысына байланысты, Асхан Байдувалиев енді медициналық көмекті ұйымдастыру бағытына жетекшілік ететін болады» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз – қызметі. Байдувалиев Асхан Мархабаевич – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған Асхан Байдувалиев еңбек жолын […]

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. «Бұған дейін осы қызметте болған Гүлнафис Таңбаеваның басқа жұмысқа ауысына байланысты, Асхан Байдувалиев енді медициналық көмекті ұйымдастыру бағытына жетекшілік ететін болады» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз – қызметі.

Байдувалиев Асхан Мархабаевич – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған Асхан Байдувалиев еңбек жолын аталмыш университетте урология және жедел нефрология  кафедрасында ассистент болып бастаған. Әр кезеңде  Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы, С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің Қосымша кәсіби білім орталығы басшысы қызметтерін атқарды.

Сондай ақ, С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің Клиникалық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдарында болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз