Қашағаннан – 1 млн. тонна мұнай!

Басты жаналык 1 Жаңалықтар

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, үстіміздегі жылғы 13 қаңтарда Қашаған кенішінің алғашқы мұнайы Каспий құбыр консорциумының жүйесіне жеткізілді. Сөйтіп, алғашқы бір миллион тонна «қара алтын» экспортқа жөнелтілді.

Басты жаналык

Есімізге сала кетсек, өнім өндіру мерзімі бірнеше мәрте кейінге қалдырылғанымен, былтырғы 28 қыркүйекте Солтүстік Каспий консорциумы теңіздегі және жер үстіндегі жабдықтарды іске қосқан-ды. Бұл «А» жасанды аралынан Батыс Ескене тұсындағы мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына тартылған әрқайсысы жүз шақырым қос тұрбаны ауыстырғаннан кейін мүмкін болды. Теңіздегі бірнеше ұңғыманың тығыны ашылды.

Әйтсе де, өнім өндіру қондыр-ғыларын, бақылау аспаптарын және технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйелерін тестілеу жалғасуда. Тұрақты жұмыс режіміне шығуға біраз уақыт қажет. Қазір мұнда тәулігіне 180 мың баррель мұнай алынуда. Оны жуық арада 370 мыңға жеткізу көзделген. Ал, кен орнын игеру толық қуатына шыққанда күніне 1,5 млн. тонна өнім өндірілмек.

Жалпы, Қашаған кенішінде дәлелденген 38 млрд. баррель мұнай бар. Соның он миллиарды алынуға жатады. Сонымен қатар, бір триллион текше метр шамасында табиғи газдың қоры жинақталған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз