Асқар Жанахмет – Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы атанды (+ВИДЕО)

IMG 20190109 WA0027 Жаңалықтар

https://www.youtube.com/watch?v=EvnTQqWc93k

Атырау облысының  мемлекеттік  сәулет-құрылыс бақылау басқармасына  Асқар Жанахмет басшылыққа тағайындалды.  Жаңа басшыны жергілікті активке Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов таныстырды.

IMG-20190109-WA0027

 

IMG-20190109-WA0029

Серік Шәпкенов жаңа басшының тәжірибесі мен біліктілігі жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруға септігін тигізетінін атап өтіп,  бірқатар нақты тапсырмалар берді. Асқар Жанахмет бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын. Құрылыс және экономика бойынша жоғары білімі бар Асқар Жанахмет еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджер қызметінен бастаған, кейін жеке компанияның бас директоры болған.  Мемлекеттік қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесін 2012 жылы  бастады. Әр кезеңде бас маман,  инспектор,  бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

IMG-20190109-WA0030

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз