Асқар Құлыбаев атындағы халықаралық турнир

gqgHX5rwn5E2017 07 01 09 32 Жаңалықтар

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасында Бокстан Халықаралық турнир басталды. Биыл турнир Асқар Алтынбекұлының 80-жылдық мерей тойына тұспа-тұс келіп отыр. Бес күн бойы жалғасатын турнирде Әзірбайжан, Ресей, Сирия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100 боксшы өзара үздіктерді анықтайтын болады.                                

Сайыстың ашылуында сөз алған Атырау қаласы әкімінің орынбасары  Мейірім Қалауи барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

gqgHX5rwn5E2017-07-01-09-32

«Облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан баршаңызды бүгінгі бокс мерекесімен құттықтаймын. Біз үшін осынау айтулы бокс турнирді өткізу үлкен мақтаныш. Мұнымен қоса қаламызда Батыр бабалар Махамбет пен Исатай атындағы, Батыр аналар атындағы турнирлер өтті. Осындай сайыстардың негізгі мақсаты − жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

L042cOqDSrE2017-07-01-09-45

Спортшыларымыз Халықаралық додаларда ел намысын қорғап, туымызды көтерсе үлкен мақтаныш сезімі ұялайды. Сол секілді бүгінгі турнирге қатысып отырған жас боксшыларымыз кейін Олимпиада ойындардында топ жарады деген сенімдеміз. Бүгінгі таңда облыста 3000-нан астам адам спорт саласында қызмет істеп жүр. Спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалған. Облыстық спорт мектептерде 1000-нан астам бала бокспен айналысады. Болашақта бізден де үлкен чемпиондар шығады деп сенемін. Баршаңызды бес күн бойы бокс турнирін қарауға шақырамын», − деді Мейірім Жоламанұлы.

097heqwPibY2017-07-01-09-19

Атырау облысы бокс федерациясының атқарушы директоры Дінмұхаммед  Шәріпбаев өз кезегінде айналған Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың қазақ боксына сіңірген еңбегін айта кетті. Айта кетейік, Асқар Алтынбекұлы үлкен спорт жаңашыры, бокс саласындағы таптырмайтын маман және ел боксының өрлеуіне шексіз үлесін қосқан адам.

P8IUA8p0LS02017-07-01-09-00

Cайыстың алғашқы күнін Атыраулық боксшылар табысты бастады. 60 келі салмақта Асылхан Ұзақбаев, 64 келіде Қазыбек Сапенов пен Қарымсақ Данат алғашқы қарсыластарын ұтып, келесі кезеңге өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған турнир 5-ші шілдеге дейін жалғасады.

Дерек көзі zhasatyrau.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз