Арыстағы жойқын жарылысқа байланысты Президент шұғыл тапсырма берді (+ВИДЕО)

11843030 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет деп мәлімдеді.

«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», – деп жазды Президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетелік,  Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жойқын жарылыс болып, артынша алапат өртке ұласты. Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шекендердің жоқ екенін хабарлады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Жарылыстың салдарын жою жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр.

Арыс тұрғындары шұғыл түрде Шымкент қаласына көшіріле бастады. Қорғаныс министрлігі оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай орнына шықты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз