Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Атырауда жедел желі іске қосылды (+ВИДЕО)

photo 57291 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл.   Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел желі іске қосылды.

Қажетті ақпаратты 8 /71 22/ 45-41-47, 8 (7122) 45-14-75 нөмірлері арқылы білуге болады. 

Айта кетейік, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9:20 шамасында Түркістан облысындағы Арыс қаласы маңында орналасқан 44/856 әскери бөлімінің қару-жарақ сақтау қоймасынан өрт шығып, салдарынан бірнеше мәрте жойқын жарылыс орын алды. ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдмесіне сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта Арыс қаласында тұрғындарды эвакуациялау жүруде.

Ақпарат агенттіктері таратқан мәліметтерге қарағанда, жаппай эвакуациялау кезінде ата-анасынан көз жазып қалған балалар қатары көбейген. Шымкент орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммеджан Естеміровтің айтуынша, қазіргі уақытта мешітке қарасты медресенің жатақханасында 500 арыстық азамат бар. «Олардың ішінде 200-ге жуығы балалар» деді Шымкент орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммеджан Естеміров.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз