Арнасайға туристер ағылады

ЭКПО Жаңалықтар

«Жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы аясында жеке кәсіпті ашуға мол мүмкіндік жасалып отыр. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлім етті.

ЭКПО

«Бірнеше жылдан бері «Coca-Cola» халықаралық қорымен бірлесіп, ауылдық жерде әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеміз. Жоба «Coca-Cola белестері» деп аталады. Оның аясында 2013 жылдан бері шалғай елді мекендердегі 40 әйел арнайы дәріс алды. Жеке кәсібін дөңгелентіп, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуде» деді ол.

Сондай ақ, спикер халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне орай туристерді Арнасай ауылында да қарсы алу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. «Арнасай елді мекені – Ақмола облысының ірге-сінде орналасқан. «Қазақстанның алғашқы жасыл ауылы» атауына ие. Елді мекен тұрғындары экологиялық таза технологиялар негізінде өнімдерді қолдануда» деп атап өткен Асхат Сүлейменов   басты мақсат –шетелдіктерге халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін насихаттау екендігін атап айтты.

Халықаралық көрме аясында күтіліп отырған туристер үшін Арнасай ауылында 10 тұрғын үй таңдап алынды. Тұрғын үйлерге күн коллекторлары, күн панельдері орналастырылуда. Меймандар мезгілді тағамдармен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы 2013 жылы бекітілген болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз