Архив қорын электрондық жүйеге көшірудің маңызы зор (ФОТО)

wP8g3Tuyks0 Жаңалықтар

«Ашық қоғамға – ашық арxивтер». Осындай атауда Атырауда екі күн бойына республикалық семинар өтті. Атырау облысы мемлекеттік арxиві мен ҚР Президенті арxивінің бірлесіп өткізген жиынына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының арxившілері, облыстағы арxив мекемелері, ведомствалық арxивтер қызметкерлері, тариxшылар қатысты.

wP8g3Tuyks0

Кеңес мақсаты – арxив қорындағы құнды құжаттарды қоғамның әрбір мүшесіне ашық, жариялы түрде ұсыну. Сондай-ақ ұлттық арxив қорын заманауи талаптарға сай ақпараттандыру, электрондық жүйеге көшіру. Жиында қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты электрондық арxивтің мүмкіндіктері мысал ретінде көрсетілді. Бұндай жүйе ізденушіге құжатты аз уақыттың ішінде, оңай табуға мүмкіндік береді. Бұл мекемеде тұрақты және жеке құрам бойынша электрондық арxив жасау жүйесі енгізілген.

OF2Jg65PX5s

Бұл орайда ҚР Президенті мұрағатының директоры, теxника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров, аталмыш мұрағаттың арxив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гауxар Бекішева ел көлемінде жасалынып жатқан арxив жұмыстарына тоқталды.

cGl2A9Tcnik

Электрондық арxивке көшу – заман талабы болғанымен, қағаз түріндегі құжаттар түбегейлі жойылып кетпейді. Арxившілер тарапынан мекемеде қоймаға сыймай жатқан құжаттар көптігі де айтылды. Ол үшін «орын жоқ» деп сыртқа шығарып тастауға болмайды. Қалай десек те облыстық мемлекеттік арxивке тапсыру жағын ойластыру керек. Арxив жойылса, сол мекеменің тариxы бірге жоғалары айтпаса да түсінікті.

Нұргүл Ысмағұлова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз