АРДАГЕРЛЕР ӘРКЕЗ САПТА

Арамызда қанқұйлы Ұлы Отан соғысының куәгері болып қана қоймай, Отан  үшін ерлік істерімен көрінген азаматтар бар. Олардың ерлігін бүгінгі ұрпақ қалай құрметтесе де жарасып тұрғандай.

Ұлы Отан соғысы ардагері, Балықшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Түсібалиевпен кездесу ұйымдастырған №7 қалалық кітапхана ұжымы ардагердің өз аузынан өткен күннің естеліктерін тыңдады. Өскелең ұрпақты Отанды қорғауға, ерлік істерге тағзым етуге, адамгершілік пен батылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шараға Атырау қаласының Құрметті азаматы Әліпқали Бекешов те қатысты. Ел тыныштығын сақтау ұрпақтар алдындағы басты парыз екендігін айтқан ол шараға қатысқан мектеп оқушыларын білімге бойлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, тәрбиелі болуға шақырды.

Шара барысында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының қызметкері Валерий Лебедов шырқаған әскери әнді кітапхана оқырмандары қосылып шырқаса, Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжінің студенті Фатима Тұрниязова халық әндерін сызылта орындады.

                Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз