АТЫРАУДА АРДАГЕР ЖУРНАЛИСКЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ (+ФОТО)

EAC1177 Жаңалықтар

Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. Есімі елімізге танымал журналист, белгілі көсемсөз шебері, қоғам қайраткері Төлеубай Ысқақовтың Атырау қаласында тұрған үйіне (Махамбет көшесі, 114) ескерткіш тақта орнатылды.

1929 жылдың 15 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында кіндік қаны тамған ол ортамызда жүрсе, бүгіндері торқалы тоқсан жасқа толып, ел-жұрты мерейлі жасын тойлап жатқан болар еді.

– Төлеубай ағадан жасымыз көп кіші болса да маған ол кісімен облыстық газет редакциясында бірге, бір бөлімде, бір кабинетте жұмыс жасау бақыты бұйырды. Төкеңнен көп нәрсені үйрендік, білмегенімізді білдік, түсінбегенімізді ұғындық. Ағамыз шын мағынасында біздерге керемет тәлімгер, тамаша ұстаз болды. Бір нәрсені ойдағыдай орындамай, үйлестіре алмай қалсақ та ешқашан дауыс көтермейтін. Бәрін де жаймен түсіндіріп, астарлап жеткізуге тырысатын, айтқысы келгенін жасырып қалмайтын.

Бізге өзінің баласындай қарайтын. Осы жерден көршілес Ақтөбе облысына республикалық газеттің меншікті тілшісі қызметіне ауысып кеткеннен кейін де байланысымыз үзілген жоқ. Төкеңнің Ақтөбедегі үйінде де болдық. Апамыз да ағамызға сай, сондай жақсы адам еді.   отбасы, балаларымен хабарласып тұрамыз.

EAC1269
EAC1239
EAC1251
EAC1273

Ал, бүгінгі мынау бір кездері Төлеубай ағаның тұрған үйіне ескерткіш тақтаның қойылуы ол кісінің ісінің жасай беретіндігі мен ізінің өшпейтіндігінің белгісі, ардагер журналиске көрсетілген құрмет деп бағалаймыз. Сол үшін де осындай игілікті шараға ұйытқы болған ел ағаларына, басшы-қосшы азаматтарға, әке-аталарын ұлығылап жатқан барша ұрпақтарына ризашылығымыз шексіз.

Әрдайым да ағамыздың рухы қолдап, қорғап жүргей,-деді алғашқы құттықтау сөз кезегін еншілеген Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов.

Ескеркіш тақтаны салтанатты жағдайда ашу құрметіне Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабайұлы мен Төлеубай ағаның  ұлы Мұрат есімді азамат ие болды. Соңынан перзенттерінің атынан дастархан жайылып, дұға бағышталып, ас берілді.

(Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыздар)

Дәулетқали АРУЕВ.

EAC1448
EAC1243
EAC1354
EAC1304
EAC1475
EAC1221
EAC1520
EAC1534
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз