Қараша айында 30 градус аяз болады

ФОТО ПОГОДА Жаңалықтар

Қыстың ызғары қарашаның соңында сезіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлімдеді.

ФОТО - ПОГОДА

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Қазақстанға қыс ерте түседі әрі қарлы болады деп күтілуде. Еліміздің солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында қар қарашаның  ортасында түссе, оңтүстік және батыс аймақтарда желтоқсанның екінші жартысында қар жауатын болады.

«Қыстың ызғарын қарашаның соңында сезіне бастаймыз. Ол кезде еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы түнде минус 30 градусқа дейін, ал күндіз -15-ке дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде минус -15, күндіз минус 5-ке дейін суытады»,-дейді басқарма басшысы.

2018 жылғы қаңтар «азиялық антициклонның» ықпалынан суық болады.

«Ақпанда мол қар жауып, қатты жел мен боран соғады. Осы ретте еліміздің солтүстік-батыс жартысында ультраполярлық суық ауа массаларының енуімен бірқалыпты аязды, ауа температурасы климаттық нормадан 1…2°С төмен ауа-райы күтілуде, ал оңтүстік-шығыс жартысында оңтүстік циклондардың жиі шығуымен температуралық фон климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде»,-дейді Гүлмира Ақышева.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз