Қарабатан аумағындағы тұрғындар көшіріле ме?

карабатан аумагындағы тургындар ... 1 Жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысы және биылға арналған жоспарлар жөнінде  брифингте кеңінен айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қойған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

карабатан аумагындағы тургындар ...

Жиын барысында аймақ басшысы Қарабатан зауыты аймағында тұратын тұрғындарды көшіру мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.  

– Бұл маңдағы ауылдардың болашағына қатысты мәселелер жан-жақты қаралып жатыр. Күні бүгін 496 жол айырығы, Ескене, Қарабатан және тағы басқа елді мекендер зауыттың санитарлық аумағына жатпайды. Сондықтан, көшіруге де негіз жоқ. Атырауға көшірген жағдайда тұрғындардың жұмыс жасауына қажетті жағдай жасау мәселесі тағы туындайды. Осыған орай, дәл қазір мұндай жоспарымыз жоқ.

Сондай-ақ, осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген Атырау қаласы мен Қарабатан елді мекені арасына «жасыл белдеу» салу мәселесі жөнінде де нақты ақпарат берді.

Расында  да, Теңізшевройл, НСОС компанияларына «жасыл белдеу» салу, қоршаған ортаны қорғау, жергілікті атқарушы органмен бірігіп отырып, өндірістің табиғатқа әсерін азайту жөнінде нақты мәселе қойылған болатын. Олардың келісім-шарттарында сол кен орынның айналасына ғана егу жөнінде тапсырма да берілген. Ал, бұл жердің топырағының өзі сортаң, сондықтан, ағаш шықпайды. Осыған орай, біз бұл компания басшыларына кен орын аумағына емес, елді мекендерге, Атырау қаласы бағытына тал егу жөнінде ұсыныс білдіріп отырмыз. Қазір келіссөздер жүргізілуде, – деп жауап берді облыс басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз