«Қара алтын» құны қымбаттады

20190126090647 Жаңалықтар

Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20190126090647

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,32 долларға көтеріліп, 61,51 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,56 долларға өсіп, 53,69 долларды құрады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз