Ақпандағы ақ жауын ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУдың әсері ме?

e3bnidnm5q9qfanurvqgbfnkbcyn7h3p7qkoy3am Жаңалықтар

Atr.kz/28 ақпан, 2020 жыл. Әлемде әу бастан «мәңгілік жаз елдері» атанып кеткен бес мемлекет бар. Олар – Австралия, Индонезия, Үндістан, Мысыр және Мальдив аралдары. Мұндағылар қыстың не екенін білмейді, қарды теледидардан ғана көреді.

Енді солардың қатарына Қазақстан да қосылғаны ма? Рас, республиканың шығысы мен орталығында, ара-тұра батысында боран соғып тұрғанымен, жаңбыр да жиі сіркірейді. Ал, Атырау ақпанда ақ жауыннан көз ашпай тұр. Биылғы қыстың келбеті осындай. Теңіз түбінде орналасқандықтан ба, мұнайлы мекенде қыс әуелден қатты да емес.

«Арқада аяз қыспаса, арқар ауып несі бар?» дегендей, бірнеше айға созылатын сарышұнақ салқындық сезілмейді. Алайда, Атыраудың қысы желтоқсан мен қаңтарда қаһарын танытпаса да, ақпанда ақыратыны барды. Бұл жолғы шамадан тыс жылылық көктем мен күзге көбірек ұқсап тұр.

Жалпы, әлемдік ауа райының кейінгі кезеңдегі ең елеулі өзгерісі – биосфераның күрт жылынуы. Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының тұжырымдауынша, оның бірнеше себебі бар. Яғни, біріншіден, өндірістің өркендеуі. Адамзат қиялының кемелденгені соншалық, күнде дерлік тың технология қолданысқа енуде. Соның бәрі алдымен кәсіпорын қуатын арттыруға бағытталған. Жер үстінің де, астының да ен байлығы тағылықпен игерілуде. Адамдар ашкөзденіп, ертеңге түк қалдырмауға бел буғандай. Соның барлығы ауаға улы қалдықтардың таралуымен қатар жүруде.

Ғалымдар қазір атмосферада оттегі азайып бара жатқандығын айтады. Өндірістен бөлек автокөліктен шыққан залалды заттар ауаға жайылуда. Бүгінде әлемде тәулігіне 4,5 млрд. тонна шамасында жанармай жағылады екен. Оның с а п а с ы н қаншалықты ж а қ с а р т ы п , ж о ғ а р ы с т а н д а р т т а р ғ а бейімдегенімен, бәрібір адам саулығына зиянды қоспалар бөлінеді. Осы орайда мамандар «темір тұлпарларды» табиғи газға көшіруді ұсынады.

Қайдам, бұл да мәселені түпкілікті шешпеуі мүмкін. Енді, екіншіден, Күннің белсенділігі артыпты. Ол Жер ғаламшарын бұрынғыдан да қаттырақ қыздыра бастаған. Мұны жаз айларында өзіміз де байқап жүрміз ғой. Бұрын жазда күн қаншалықты ыстық болса, қыста соншалықты салқын болатыны бол жанатын. Қазір бұл байлам бұзылған. Шілденің шеке қыздырар аптабы, ақпанның ақырған аязына сәйкес келмейді. Оның үстіне, Жер де Күн жүйесінен жылдам айнала бастаған.

Көзді ашып-жұмғанша атқан таңның батқан күнге ұласып жатқанын өзіңіз де байқап жүрген шығарсыз. Ал, ресейлік ғалымдардың пікірінше, үшіншіден, ғаламдық жылыну табиғи процесс көрінеді. Яғни, бұл ара-тұра қайталанып тұрады. Мәселен, климаттың ылғалды-салқын кезеңі 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталыпты. Содан соң орын алған құрғақжылы уақыт ұзаққа созылатын т ү р і бар. Т і п т і 2026-2035 жылдарға дейін жетуі ықтимал.

Ал, ең ыстық бөлігі 2018-2021 жылдарды қамтымақ. Біз қазір соны бастан кешіп жатырмыз. Жоғарыда айтылғанындай, ақпанда ақ қар емес, жылы жаңбыр жауып, басқаша айтқанда, атмосферадағы ыстық ауа жалғаса берсе, адамзатты алда талай қиындық тосып тұр. Өйткені, ресейлік ғалымдар болжаған құбылыс әлі 10-15 жыл жүруі ықтимал.

Рас, жер бетінде тіршілік мүлдем жойылып кетпес. Әйтсе де, адамзатты салмақты сын күтеді. Қуаңшылық орын алады, өзен-көлдер тартылады. Әсіресе, Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтары қатты зардап шегеді. Атырау да осындай өңірге жататынын ұмытпалық. Ахуал асқынса, жер бетіндегі 2,5 млрд. тұрғынның қалыпты тірлігі бұзылады. Келешекте 1,3 млрд. адам
туған жерінен безіп, босқынға айналады. Тағы екі миллиард шамасындағы жан ауыз су тапшылығын тартады.

Сөз ретінде айтар болсақ, бұл қазір де сезілуде. Ұлыбритания Антарктиданың мұзтауын кесіп, тасып алу қамында. Канада жағалауынан Гренландияның солтүстігіне дейінгі аралықта мәңгілік мұз көбесі сөгілуде. Жалпы, НАСА мамандарының сараптауынша, соңғы төрт жылда климат күрт ысыған. Ендеше, адамдар не істеуі керек? Қандай қарекет қолданады? Жаһандық жы
лынудан қалай қорғанады?

А л д ы м е н , ө н д і р і с қ у а т ы н барынша азайтқан абзал. Қазір кәсіпорындар а д а м д а р д ы ң тіршілігіне қажетті мөлшерден тыс көп өнім шығарып жатыр. Ә л е м ж ұ р т ш ы л ы ғ ы оны тұтынып үлгермейді. Ендеше, ашкөзденіп не бар? Жерасты мұнайы мен газын қопарып қазып, тереңге бұрғы бойлатқанша, табиғаттың өзі сыйға берген күн сәулесі мен жел күшін неге пайдаланбаймыз? Өзен-көлдердің берерін неге алмаймыз?

Бүгінде бізде баламалы энергия көздерін тұтыну көлемі өте аз. Рас, биыл күн энергиясын алатын жабдықтар жасайтын зауыт салу жоспарланған. Бұл – өте қажет нысан. Әйтпесе, республикаға Еуропадан ескі жел диірмендері жеткізілуде. Әйтсе де, баламалы энергия көздері өндірістің барлық қажеттілігін өтей ме? Кәсіпорын қуатын қанағаттандыра ма? Егер келешекте елдің бәрі желдің күші мен күннің сәулесіне сүйенсе, онда жаңа кен орындарын іздеп қажеті не? Тың кеніштерге неге инвестиция салады?

Демек, мұнай мен газдың дәурені біткен жоқ. Олай болса, сұраныс та азаймайды, оларды игеру қарқыны да кемімейді. Ендеше, компаниялардың қоршаған ортаны бүлдірмеуін қатаң қадағалау қажет. Одан әрі, орман алқабын қазіргіден еселеп көбейту керек. Өсімдіктер жылына 280-320 млрд. тонна оттегі жинақтайды екен. Соның 80-85 пайызын адамд а р м е н өзге тіршілік иелері пайдаланады. Атмосферадағы таза ауаның 28-32 млрд. тоннасын автокөліктер жұтады. Ал, олардың саны кемитін түрі жоқ.

АҚШ пен Германия, Жапония мен Франция әлем елдеріне жылына миллиондаған машина жөнелтеді. Өзгелері де шығарып жатыр. Жанармай сапасын қаншалықты жақсартқанмен, бұл ешқашан экологиялық таза өнім саналмайды. Жалпы, атмосферада оттегі мөлшері 12 пайыз болғанда адам есінен танып құлайды екен. Яғни, одан әрі өмір сүру мүмкін емес. Өзен-көлдер тартылып жатқанда жерасты суларын тиімді пайдаланудың маңызы артуда.

Гидрогеологтар Бетпақдала шөлі мен Арал маңынан ауыз судың мол қорын тауыпты. Қазып ал да, кәдеге асыр. Бізде Бәлиорпа тұсында бұрғы бойлатуға болады. Рас, маңында ел жоқ. Бірақ, содан бері құбыр тартса, Құлсарыны қамтуы ықтимал. Ағаш отырғызу жөнінен де аса мақтана алмаймыз. Жылда мыңдаған көшет егіледі. Бірақ, өсіп кетуі кемшін. Күтімі нашар ма, әлде жерсінбей ме, әйтеуір істелген шаруа шамалы. Анау Теңіз кенішін, мынау Қарабатандағы зауытты елді мекендерден жасыл желекпен бөлу мәселесі әлі шешілген жоқ.

Сол мұнай өндіріле бастағанда-ақ алғашқы ағаштарды отырғызғанда, ендігі қолдан көктоғай орнатуға болар еді. Қарапайым қарағайдың өзі ауаны тап-таза ететін көрінеді. Әйтсе де, әлі де кеш емес. Инвесторға табандылық танытқан жөн.

Жаһандық жылыну Қазақстанда да жедел жүруде. Шөл-шөлейт өңірі барлық территориясының 60 пайызынан асатын республикада мүлдем қуаңшылық қалыптасуы ықтимал. Тіпті мамандар елімізде таза ауа бассейні мен халыққа қолайлы қоршаған ортаны сақтауға 45-50 жыл бар екендігін айтады. Демек, осы жарты ғасырда экологияны сауықтыруға баса назар аударылуы шарт. Ал, әзірге Қазақ елі 2030 жылға қарай атмосфераға парникті газ шығаруды 15 пайызға қысқартуды міндетіне алды.

…Синоптиктер тағы да жаңбыр жауатынын жеткізді. Ақпандағы ақ жауын бұл.

М.БАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз