Аманатқа қиянат болмасын!

  Жер туралы кодекске енгізілген өзгерістер атыраулық соғыс және еңбек ардагерлерін де толғандыруда. Осы өзекті мәселеге орай бас қосқан қарттар өз ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісті. Тоқсанның төріне шыққан Құрымбай Нұрмағанбетовтың айтуынша, ата-бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған ұлан-байтақ жеріміз – кейінгі ұрпаққа қалдырған ақжолтай аманаты, мол мұрасы. Ол – қол жетпес байлығымыз. Демек, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуі керек. Байырғы ұстаз көрші Ресейдің іргелес Астрахан облысындағы ахуалды көлденең тартады. Оның айтуынша, онда жайлы жайылым мен шұрайлы шабындық қаржысы көп адамдардың жеке меншігіне айналып, шаруалар азын-аулақ малын қайда бағарын білмей отыр. Егер заң қабылданып кетсе, ертеңгі күні мұндай жайдың бізде де болмасына кім кепіл? Сондықтан, халықтың ортақ жерін кез келгеннің қанжығасына байлап беруге болмайды.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз