Алтыншы рет – чемпион!

алтыншы рет чемпион Жаңалықтар

Параволейболәлем бойынша алдыңғы қатарда келетін паралимпиадалық спорт түрі. Аталған спорт түрінен ел чемпионатының ІІІ тур қорытындысы бойынша он команда арасында Атырау облысы командасы бас бәйгені  тағы да ешкімге бермей, алтыншы мәрте чемпион атанды.

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd%d1%88%d1%8b-%d1%80%d0%b5%d1%82-%d1%87%d0%b5%d0%bc%d0%bf%d0%b8%d0%be%d0%bd

Ел чемпионатының ережесіне сәйкес үш турдан кейін жеңімпаз анықталады. Бұған дейін көктем айларында ел чемпионатының алғашқы туры Атырауда, шілдеде Қызылорда қаласында ІІ тур ойындары ұйымдастырылған болатын. Ал, ақтық дода Орал қаласында өтті.

Үш турда да атыраулық параволейболшылар қарсылас командалардың барлығын жеңіп, ешкімге есе жіберген жоқ. Нәтижесінде 52 ұпай еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Қызылордалық спортшылар күміс жүлдегер атанса, Маңғыстау облысының командасы қола жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, атыраулық параволейболшылар Қазақстан құрамасының да негізін құрайды. Құрама команда халықаралық додаларда жүлдегер атанып жүр.

– Ендігі негізгі мақсатымыз – 2018 жылы өтетін әлем чемпионаты мен Азия ойындарында үздік ойын өрнегін көрсету. Оған дайындықты бастап та кеттік. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік ондықтың қатарында тұр, –дейді параволейболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.

Айгүл

Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз