«Алтын шаңырақ» – ақыл-кеңес қайнары

Дом Дружбы открытие 1 Жаңалықтар

Жуырда  Достық үйінің  мәжіліс залында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

%d0%b4%d0%be%d0%bc-%d0%b4%d1%80%d1%83%d0%b6%d0%b1%d1%8b-%d0%be%d1%82%d0%ba%d1%80%d1%8b%d1%82%d0%b8%d0%b5-1

Өнеге өзімізден болсын!

Ықылым заманнан аталарымыз қызға ерекше ілтипатпен қараған. Өйткені, қыз – әке үйінде жүрген қонақ, белгілі бір уақытта өзіне жақсы жар тауып, мәңгілік шаңырағына қоныс аударады деп есептеген. Одан бері де сан мыңдаған жыл өтті. Қанша уақыт өтіп, қаншама жаңалық өмірімізге енсе де, қыз бала тәрбиесі, әйел-ана өнегесі өзінің мәнін жоймақ емес. Осы жайында толғана әңгімелеген Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі басшысы Тамара Аман-Турлина: «Әйелдердің басты мақсаты – өмірге дені сау ұрпақ әкеліп, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу», – деді.

ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин»  төсбелгісінің  иегері,  жоғары санатты ұстаз Жібек Мұғауова Махамбет ауданындағы Аналар кеңесінің жұмысына егжей-тегжейлі тоқтала келіп.

– Баланың бас ұстазы – ата-ана, сондықтан,  үйдегі үлкендер бала үшін нағыз идеал болуы керек, – деді.

Интернетпен емес,  анаңмен ақылдас!    

Аналар кеңесіне жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина Камелова бұрынғы қыздардың бар кеңесті аналарынан алатынын, ал қазіргі қыз балалардың екі көзі интернетте болатынын, сөйтіп, аналарымен жақын әңгімелеспейтінін, сырласпайтынын айтты. Шынында да, бүгінгі қыздардың көбі өзімшіл. Содан ба екен, тым ерте есейетіндері байқалады. Осыдан келіп, 13-14 жастарында жүкті болып қалады. Мұндай күтпеген жүктіліктен құтылудың бір қасіретті амалы – түсік жасату. Айталық, өткен жылы ерте түсік жасатудың 50 фактісі тіркелген болса, биылғы сегіз айда ол 38-ге жетіп отыр.

Түрлі факторға байланысты, оның ішінде экологиялық жағдай да болар – ерлі-зайыптылардың бала сүю бақыты барған сайын қиындай түсуде. Дина Базарбайқызының айтуынша, облыс бойынша 667 адам бала сүю үшін   экстракорпоралдық ұрықтандыру кезегінде тұр, 117 ер адам сәбилі бола алмауда. Егер отбасында бала болмаса, көп жағдайда, оны әйелден көреді. Бірақ, барлық уақытта олай емес. Айталық, он бес-жиырма жыл отасқаннан кейін сәбилі болмаудың басты себебі ер адамнан екені анықталып жатады. Өмірге келетін нәрестенің дені сау болуы үшін болашақ ата-аналар алдын ала дәрігерге қаралуы тиіс. Әйтпесе, түрлі физиологиялық ауытқулармен туылатын сәбилер қатары көбеюі ықтимал.

 

 Перзент – Алланың аманаты

Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының Атырау облысы бойынша өкілі Нелли Төлегенова «Мектеп медиациясының білім беру саласындағы мүмкіндігі», «Тхоньил» корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Ольга Кван республикалық «Ақ орамал» акциясы, «Татулық»  татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі төрайымы Хатима Мұстафина кеңес жұмысы туралы кеңінен әңгімеледі. Сөйлеушілердің қай-қайсысы да бала тәрбиесіне ата-аналардың өздері жіті көңіл бөлуі қажеттігі жөнінде айтты.

Лиза  ШАЙХАШҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз