Әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімеге қатысты перзентхана басшысы жауап берді

slide1 Жаңалықтар

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Осыған орай, бірқатар шектеу қойылып, ішкі тәртіп нығайды.

Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Мәселен, перзентханаға келген жүкті әйелдер алдымен «сүзгі» орталығынан өтеді. Мұнда дәрігерлер, қауіпті індеттің алдын-алу мақсатында тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, науқаспен сұрақ-жауап алмасады. Әйелден короновирус инфекциясы анықталмаған жағдайда ғана перзентханаға қабылданады.

Әйтсе де, алдын-ала , залалсыздандыру аймағынан өтіп, тиісті бөлімшеге жатқызылады. Ал, ішкі жүріп-тұру қағидасы бойынша, әр бөлімге карточкалық жүйе енгізілген. Яғни, қызметкерлер себепсіз бөлімшеден шықпайды. Сондай-ақ, мұндағы лифт тетігін қолмен басуға қатың тыйым салынған және әр есіктен өткен сайын қолды залалсыздандыру міндеттелген.

– Босану залына серіктес кіргізілмейді, перзентханадан шығару рәсімі өтпейді, ғимарат ішінде фото-видео түсірілім жасауға болмайды – деді, қалалық перзентхана директоры Гүлзейнеп Дюсупова. – Бұдан бөлек, аталған режимге байланысты, сырттан тамақ қабылдауға тыйым салынған. Тиісінше, асханадан 4 мезгіл ас таратылады.

Ал, әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімеге  перзентхана басшысы былай деп жауап берді:

– Осыған дейін, екі мезгіл сырттан қабылдау болып, 3 мезгіл тамақ берілген болса, енді карантин жағдайына байланысты, сырттан тамақ қабылдауға тыйым салынып, іштен 4 мезгіл тамақ берілетін болды. Сондай-ақ, әр постқа диспансер қойылды Әр әйелге берілетін тағамның өз мөлшері бар. Біз ол нормативтен асып кете алмаймыз.Өйткені бұл жағдай аяқталғаннан кейін бізді де тексереді. Мұның барлығы ана мен баланың саулығы үшін қабылданған шешім. Босанған әйел екі тәулікке ғана  асхананың тағамын ішіп, шыдауға тиіс, – деді.

Осылайша, қалалық перзентхана аумағы  инфекциядан барынша қорғалып-ақ жатыр. Мамандар, мұның барлығы ана мен бала саулығы үшін деп түсіндіреді. Жұқпалы дерт діндегенде тәртіпті қатайту аса қажет. Ал, орнатылған ортақ тәртіпке бағынып, түсіністік таныту оданда маңызды….

http://atr.kz/bez-rubriki/atyraulyқ-kәsipkerdiң-adamgershiligi-kөpshilikti-sүjsintti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз