«Алға, Қазақстан!»

УнИверсиада Жаңалықтар

Осындай ұранмен Алматыда қысқы Универсиада ойындарының ашылуына орай Қазақстан коммунистік халық партиясының Атырау облыстық филиалы мен «Бейбарыс» хоккей клубы отандас спортшыларымызды қолдау акциясын ұйымдастырды.

УнИверсиада

Мұз айдынында өткен шарада партияның Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев сөз алып, қысқы Универсиада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында тұңғыш рет біздің елімізде өткізілуі Қазақстан үшін зор мәртебе екендігін атап айтты.

Акцияға сала ардагерлері, жастар және партиялар филиалдарының өкілдері, жалпы алғанда, елуге тарта адам қатысып, ел спортшыларына қолдау көрсетті, жанкүйерлік етті.

Универсиадада Қазақстан жағынан спорттың 12 түрінен 175 спортшы қатысуда. Жарыс өтетін он күнде 85 медаль сарапқа салынады. Бұл – қысқы Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Айгуль Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз