АҚПАРАТ БЕРМЕСЕ, АЙЫП ТӨЛЕЙДІ

Жалған ақпарат берген немесе мүлде бермеген мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы өз қалтасынан айыппұл төлейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев айтты.

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте 30-дан 100 АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл қарастырылған. Мемлекеттік органдар тарапынан жалған ақпарат немесе сәйкесінше ақпарат берілмеген кезде мемлекеттік органның өзі емес, оның лауазымды тұлғалары айыппұл төлейтін болады. Өйткені, мемлекеттік орган ақшасы – бюджет қаражаты, халықтың қаражаты», – деді депутат.

Сонымен қатар, М.Әшімбаев ақпаратқа қолжетімділіктің жаңа заңнамасында бизнес субъектілерінің жауапкершілігі де қарастырылғанын атап өтті.

Өз  тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз