«АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!»

Осындай атаумен «Иманғали» орталық мешітінде мектеп бітіруші түлектерге арналған кездесу кеші болып өтті. Оған Атырау қаласындағы мектептерден жеті жүзден астам оқушылар мен ұстаздар қатысты.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров жас түлектерге білім алудың маңыздылығы туралы айта отырып, «Ислам діні үнемі адамзатты білім-ғылымға үндейді. Шынайы білім болғанда ғана еліміз өркендеп, әлеуетіміз мұнан әрі жақсара түседі.  Сіздерге үлкен үміт артамыз. Сондықтан, өмірдің сынағы мен соқпағына еш мойымай, алға ұмтылыңыздар» деп, жастарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Облыстық дін істері басқармасының бас маманы Қаһарман Мұсаев, теолог Қанат Жұмағұл және өмірлік тәжірибесі бар ақсақалдар да өз ойларымен бөлісіп, жастарға ақ жол тіледі. Жүректерге нұр сыйлаған әсерлі кездесу соңында Облыстық дін істері басқармасы мен «Иманғали» орталық мешітінің атынан дайындалған сый-сияпаттар, үндеу парақшалары үлестірілді.  

Қайырбек ОТЫЗБАЕВ, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз