ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСЫ ҮШІН ЖУРНАЛИСТ БАЯН ЖАНҰЗАҚОВА ДАРИҒА НАЗАРБАЕВАНЫҢ АЛҒЫСЫН АЛДЫ

20190122 k Жаңалықтар

Atr.kz/7-наурыз. 2019 жыл. «Атырау» газетінің әдеби редакторы Баян Жанұзақова ерекше байраққа ие болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының директоры Дариға Назарбаеваның атынан Астанадан келген Алғыс хат біздің журналиске «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурс-акциясы аясында беріліп отыр.

«Сізге мұқтаж жандарға қамқорлық таныту жолындағы жасаған ерен еңбегіңіз үшін, өзгелердің қиындығын шынайы жүрекпен сезініп, жан жылуыңызбен бөліскеніңіз үшін алғысымды білдіремін» делінген Алғыс хатта.

img079

            Еске сала кетсек, осыдан біраз бұрын «Атырау» газетінде «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы жүргізілген еді. Баян Жанұзақованың авторлық жобаларының бірі «Жүректен жүрекке» аясында түрлі тосын жағдайларда өзгелердің өмірін құтқарған бейбіт күннің батырлары насихатталған болатын. Кейін жоба сипатын өзгертіп, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіле бастады. Қазір бұл жоба «Адамгершілік айнасы» рубрикасы түрінде оқырмандармен қайта қауышты.


«Қайырымдылық керуені» республикалық конкурс-акциясы әріптесіміз Баян Жанұзақованың плацентадан ажырамаған күйі әжетханаға лақтырылған нәрестенің өмірін құтқарған құлсарылық полиция лейтенанты Амангелді Мұқашев туралы «Бар ойым баланы құтқару болды», суға кете жаздаған бозбаланы көктемнің қара суығына қарамастан аман алып шыққан индерлік Талғат Молдашев жөніндегі «Ескерусіз қалған ерлік», өртеніп жатқан үйдің ішінен сәбилерді алып шыққан елтайлық Қайырлы Дүзбаев бас кейіпкері болған «Бүгінгінің батыры», бейбіт күнде ас-сусыз қалған құрманғазылық Бақыгерей Қайбуллаев туралы «Тауқымет құрсауында қалған тағдыр» атты материалдарын үздік деп таныды. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Gulmira

    Bayanzhan, shin jurekten kuttyktaimiz!!! Arkashan da enbegin bagalanip, enbeginnin jemisin kore beryindi shin jurekten tileimiz! Arkashan da jolin ashik bolsin! Enbegin jemisti bolsin! Otbasin aman bolip, baldarinnin kizigin kore beryindi Alla nasip etsin! Bakytty bol, kyatty bol, aman bol! Alla seni arkashan koldap jursin!!!