АЙдағы ауыл

RhI00MtbHMo Жаңалықтар

Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл.Ертегі тәрізді ме? Әрине, дер едік. Әйтсе де, қиялы қияндағыны кезетін қытайлар биылғы қаңтарда Айға аттанып, мақта өсіріп қайтты. Онысы бірер аптадан соң гүл атыпты. Ғарыш тарихында тұңғыш рет жүзеге асырылған шара жөнінде әлем баспасөзі жарыса жазды. Жалпы, Айға алғаш сапар сонау 1959 жылы жасалған-ды. Содан бері тура алпыс жыл өтіпті. Енді Жер иелері соған көшуді ойластыруда. Алдымен аз ғана кісі қоныстанып, кейін тұтас ауылға айналатын көрінеді.

Айтпақшы, Аспан асты елінің адам дары өздерімен бірге картоп және басқа да дақылдар апарыпты. Сірә, біраз қор жинап алмақ болған тәрізді. Алайда, дақылдар бірден өліп қалған. Үлкен үміт күткен мақта дәні де он бес тәулікке созылған тастүнек түн мен 170 градус аязға төтеп бере алмаған.Сөйтіп, қытайлықтар құр қол қалыпты. Дегенмен, осы тәжірибенің өзі-ақ адамзаттың Айға шындап құлаш сермеуін ақиқатқа айналдырғандай. Жалпы, «Ғарыш атасы» атанған Константин Циолковский өткен ғасырдың басында-ақ адамдардың Жерден тыс Айға немесе Марсқа қоныс аударуы мүмкіндігі жөнінде айтыпты. Тіпті, оның пікірінше, ғарыш – оған ғылыми тұрғыдан қызығушылық қана емес, адамзаттың түбі қоныстанатын мекені.

Ғұлама ғалым бұл болжамын білдіргенде адамзат әлі Айға аяқ баспаған-ды. Дегенмен, көреген қарт келешекке көз жүгіртіп үлгерген ғой. Оның болашақты бұлай пайымдауының да жөні бар. Жер де – Күн жүйесіндегі көп планеталардың бірі. Демек, өзінен үлкен астероид соқтығысуы, адамдар әлдебір ауруға шалдығуы немесе ядролық қақтығыстан жаппай қырылуы ықтимал ғой. Сел қаптаса ше? Сонда тірі қалғандары қайда паналайды? Нұқ пайғамбардың кемесі тәрізді көлікке мініп, көкті шарлап кете ме? Жерге ең жақыны Ай емес пе? Ендеше, соған көшуге тура кежеңіл емес. Қазіргі қолданыстағы батареялар оған қауқарсыз. Бұдан бірнеше есе қуаттысын кім қашан ойлап табады? Адамдарға баспана қайда?

Осы орайда ағылшын архитекторы Норман Фостерге Айдан салынатын келешек қалашыққа тапсырыс та беріле бастапты. Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сонда мұндағы Күн летін шығар. Ал, сонымен, бетімізді солай бұрдық. Сонда қалай тіршілік етеміз? Адамға ең керегі – оттегі, су мен тамақ. Алғашқысын айдағы топырақтан алуға болады екен. Ертеректе Үндістанның «Чандраян–1» спутнигі Айда қатып қалған қырық кратерді тапқан-ды. Міне, соларды ерітсе, су да табылатын тәрізді. Енді азықты қайтеміз? Ғарыш жағдайында оны қайдан аламыз? Биологиялық лабораторияда өсірілген өсімдік жұмырымызға жұқ болар ма?

Үй жануарларын бағу да мүмкін емес. Мұндағы тартылыс күші Жермен салыстырғанда алты есе кем. Яғни, салмақсыздық жағдайында тауықтың тарыдай қауқары болмайды, қалықтап кетеді. Айға алғаш аяқ басқан америкалық астронавтар бір орнында тұра алмай, секіріп жүрген жоқ па? Бұдан бөлек жылу мен жарықты қайтеміз? Оларды өндіретін пайдалы қазбалар мүлдем жоқ. Зерттеушілер ядролық отын мен күн сәулесін атайды. Яғни, ядролық қондырғыларды Жерден жеткізу керек. Бұл мүмкін бе? Жер бетінде қауіпке толы қаруды Айға аман әкелуге кім кепілдік береді? Тосын апат болса, адамдар қазіргі күйіне зар болмай ма?

Айға ұшатын да жан қалмауы ықтимал. Күн энергиясын жинақтау да жеңіл емес. Қазіргі қолданыстағы батареялар оған қауқарсыз. Бұдан бірнеше есе қуаттысын кім қашан ойлап табады? Адамдарға баспана қайда? Осы орайда ағылшын архитекторы Норман Фостерге Айдан салынатын келешек қалашыққа тапсырыс та беріле бастапты. Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сонда мұндағы Күн радиациясы есепке алынды ма? Қауіпсіз болуы үшін құрылысқа арнайы мықты материал қажет. Қалыңдығы бірнеше метр ғимарат тұрғызуға тура келеді.

Сөз ретінде айтар болсақ, ғалымдар Шолпанға да көз сала бастапты. Мұндағы температура 400 градустан асады. Бұл планета өте жай айналады. Жердегі әр күн Шолпандағы бір жылға тең. Адамдар уақыттан шатасуы мүмкін. Әйтсе де, оқымыстылар мұның да шешімін тауыпты. Егер астероидпен атқыласа, шаң көтеру арқылы қажетті температураны қалыптастыруға болады екен. Жүрісін жылдамдатуға да мүмкіндік туады.

«Адамзат алдағы жүз жылда Жерді тастап, өмір сүруге болатын басқа планетаға қоныс аудара бастауы тиіс» Стивен ХОКИНГ, ағылшын астрофизигі.

P.S.

Сонымен, адамдар Айға назар аударды. Жер серігін жан-жақты зерттеу сонау 1969 жылы бастау алған екен. Содан бері жарты ғасыр өтті. Мұның бәрі қиялдан туған нәрсе ме, әлде ақиқатқа айнала ма – оны уақыт көрсетер. Мұрат СҰЛТАНОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз