Әдеп кодексін сақтамаған

ugolovnyj prostupok 750x399 1 Жаңалықтар

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінде онлайн режимінде тәртіптік кеңес отырыс өтті.

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы негізінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға, Құрманғазы және Махамбет аудандық аумақтық инспекцияларының басшыларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Ауылдық округ әкімін әкімшілік құқық бұзушылықтан босату фактілеріне жол берілуіне байланысты Кеңес, Махамбет аудандық инспекциясының басшысын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді. Хабарламада айтылғандай, Қызылқоға және Құрманғазы аумақтық инспекция басшылары тарапынан бұзушылық белгілері анықталмай, тәртіптік істер тоқтатылды.

Сонымен қатар, хабарламада: «Бұдан бөлек, кеңес отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде Құрманғазы ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды», делінген.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары заңнамамен жүктелген міндеттерді сақтамағаны, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының бұзылуына жол бергені анықталды. Кеңес шешімімен Құрманғазы ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз