АДАМЗАТтың ең ізгі МҰРАТы

aprararaparara Жаңалықтар

Atr.kz/27 тамыз, 2019 жыл. 29 тамыз – Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына – 30 жыл. Бұл датаның бүкіл адамзат үшін мәнмаңызы ерекше болса, өз басым үшін де орны бөлек.

Өйткені, осы жылдар ішінде атышулы қозғалыстың белді мүшесі ретінде қаншама іргелі қоғамдық істердің бел ортасынан табылдым десеңізші. 1989 жылдың күзінде Атырауға ат басын тіреген көрнекті ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовтың арнайы ұйғарымымен «Невада-Семей» қозғалысының облыстағы үйлестірушісі болып қоғамдық жұмысқа кірістім.

Ақысызпұлсыз атқарылған қызмет болса да, шын мәнінде оның өзіме сыйлаған шуақты шапағатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Невада-Семей» қозғалысының маңызы Семейдегі «Өлімнен де күшті» монументінің мазмұнына терең үңілгенде бұрынғыдан да айқын аңғарылады.

roroopopop

Өйткені, ескерткіштің идеясының өзі көп жайды үнсіз ұқтырғандай: Қақ айырылған ЖерАнаның өзегінде бауыр еті – баласын қорғаштаған Әзіз-Ана бүктетіліп отыр. Әлем жұрты ядролық қарудан түбегейлі бас тартпаса, барша адамзатты өз төсінде әлдилеген ЖерАнаның да осылай төрт бүктетіліп қалмасына кім кепіл? Сонда кінәні кімнен іздейміз?

Бетін әрмен қылсын, ойлаудың өзі қорқынышты! Сондай сәттерде: «Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы, Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы? Мейірімге зарықтырған заман-ай, Заман-ай, Заман-ай, Туған жердің лайланды-ау тұнығы…» – деген мұңды ән сазы да сананы қамшылай түседі…

ХИРОСИМА ЖӘНЕ ҚАСІРЕТ

…Тарихы, тым әріні айтпағанда, Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың туған жері деп қастерленетін, 1917 жылы осында Алаш мемлекетін құрған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтардың есімдерімен тығыз байланысты бұл қасиетті топырақ не көрмеді десеңізші?! Көне шаhар төңірегі бүгінде талай тылсым сырды әлі де ішіне бүгіп үнсіз жатқанымен, еліміз тәуелсіздігін алғалы бері біраз шындықтың көбесі шырқырай сөгілді.

  • Ең бастысы, Семей жерін күңіренткен ядролық жарылыстардың ақиқаты аймандай ашылып, көп құпия жария болды. Өз басым халықаралық «НевадаСемей» қозғалысының Атырау облысындағы қоғамдық негіздегі үйлестірушісі ретінде сол көне шаhарға бірнеше жыл қатарынан барып, осында өткен «Экология. Радиация. Денсаулық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға сан мәрте қатыстым.

Онда еліміздің бұрынғы полигонды аймақтарынан және шетелдерден, соның ішінде Америка мен Жапониядан, Ресейден де келген делегациялар өкілдерінің полигон зардаптары хақындағы дерек пен дәйекке толы әңгімелерін тыңдадым.

Ядролық қарудың адамзатқа әкелер зұлматын Хиросима мен Нагасаки қасіретін тартқан жапондардан артық кім түсіне алар, сірә?!

Нагасаки университетінің профессоры Шибата Иошисада мен оның көмекшісі Кумагай Ацуши, Нагасаки қаласының префектура басшылығы директорының орынбасары Митсуко Кирсу келтірген мәліметтерді естігенде жаным түршіккендей болғанын қалайша жасырайын?! Олардың әңгімелерінен жапондықтардың ұрпақтары атом бомбысының зардабын әлі күнге дейін тартып отырғанын қапысыз пайымдадым.

…Семей жеріндегі сол бір күндердің бірінде Нагасакиден келген профессор Шибата Иошисадамен тілмәш арқылы жеке тілдесудің сәті түскен. Ақселеу шашты, бойы да тым бәкене, өзі тым әлжуаз оның түрі де боп-боз.

aoaroooa

– Сіз де, сіздің көмекшіңіз де, қала мэрінің орынбасары да әлжуаздау көрінеді. Жапондардың бәрінің тұрқы осындай ма? – деп әзіл қыстырдық бойымыз үйреніскен соң.

– Бәлкім, бұл да атом бомбысының зардабы шығар, – деді қысық көздері одан әрі жұмыла күлген ол.

– Мен осы мәселені зерттеген ғалым ретінде ашығын айтайын: Нагасаки де, Хиросима да 1945 жылдың тамызындағы сол қасіреттің зардабын әлі күнге дейін тартып келеді. Радиация залалы дегеніңіз – ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа кететін тажал. Бұл – ұлттың тегіне өшпес зақым жасау деген сөз. Біздің халық соның құрбандығы болды ғой…

– Сізді Қазақ жеріне, соның ішінде Семейге келуге нендей мақсат итермеледі?

– Сіз де қызық екенсіз, бұл – менің өмірлік зерттеу нысанам. Бізге атом бомбысы тасталса, Семей және басқа аймақтарда қырық жыл бойына орасан күшті жарылыстар жасалды. Мұның бәрі де қаруды сынау, оның адам ағзасына тигізер залалын зерттеу мақсатын көздейді. Міне, мен Семейге «Чернобыль сабағы: денсаулыққа байланысты тәуекелдерді радиациялық бағалаудың маңызы» деген тақырыптағы ғылыми жұмысыма деректер жинау үшін келдім, – деп жымиды профессор Шибата.

Сонау қиыр шеттен ғылыми зерттеулерінің жетегінде қазақ жеріне бұдан бұрын да сан мәрте келген жапон профессоры ядролық қару, атом бомбысының сыналуы туралы әңгіме бастасаңыз, қызулана өз дәлел-дәйектемелерін алға тосады.

«Қазақстанның бүкіл әлемге ядролық қарусыздану жөнінде батыл бастама көтеруіне өз басым ерекше тәнтімін. Соның ішінде Елбасыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолдағы мақсатты ісәрекеті бейбітшіліксүйгіш, ізгі жүректі барша адамзаттан қолдау табары күмәнсіз. Бұл – менің өмір бойғы арманым ғой…» дейді ол.

Мен іштей тебірендім: «Сол Нагасакиінде зерттеуін жасап жүре берсе де, оны кім сөгер еді? Ал, ол Семей полигонын, тіпті, Чернобыль зардаптарын зерттеп, адамға жақсылық жасаймын деп шырылдап жүр ғой. Иә-иә, шырылдап жүр. Осы шынашақтай ғана жапон ғалымының жанайқайынан баршамыз неге өнеге алмаймыз?..».

Осы жерде жоғарыда мына бір өзекті мәселеге тағы да тоқталмай өтуге болмайды. Семейдегі салиқалы басқосуда Курчатов қаласындағы Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан О.И.Артемьев, Семейдегі Радиациялық медицина және экология ғылымизерттеу институтынан Б.В.Галич терең зерттеуге, сындарлы талдауға толы баяндамалар жасаған еді. Олардың атқарып жатқан нәтижелі істерінен көп беймәлім жайдың ұшығын сезінгендей болдық.

Бәрінен де бұрын баяндамашы-ғалымдардың қызмет орнын байыптап қарасаңыз, бір ғана шығыс өңірде екі бірдей ірі институт жұмыс жасап тұр ғой. Тап осындай ғылыми-зерттеу орталығы экологиялық ахуалы күрделі саналатын батыс аймақта неге ашылмайды?

ТАЖАЛ МЕН АЖАЛ

Біздің қолымызда бар нақты деректерге жүгінсек, АҚШта 1080-нен аса жарылыс жасалса, Кеңес Одағында – 715, Францияда – 180, Ұлыбританияда 40-тан аса жарылыс болған.

Қазақтың көрнекті жазушысы Әнуар Әлімжанов Ұлыбританияның Қауымдар палатасында сөйлеген сөзінде былай деп ашына айтқан екен:

«…Атом жарылысы біздің Дегелеңде немесе Абыра лыда немесе мұхиттардың аралында, Қытай шөлінде не Муруоада жасала ма, бәрібір, ол менің тауқыметті көп тартқан х алқымның жүрегін сығымдайды. Себебі: жарылыстың маңайдағы бүкіл тіршілікке қауіп-қатер екенін біледі, басынан кешті. 467 жарылыстың әрқайсысы біздің жеріміз бен суымыз ды улады, адамдарымыз ды қасіретке ұшыратты, тіпті, ана құрсағындағы нәрестелерді мүгедек қылды. 467 жарылыстың әрқайсысы менің халқымның мәдени бесігінде, аяулы өңірінде оның келісімінсіз жасалып, ар-рухын аяқасты етті…» (Лондон, 13.11.1990 ж.)

Айтса айтқандай-ақ, 1953 жылдың 12 тамызында Абыралы – Дегелеңде сутегі бомбасын жер бетінде сынау жүргізілген. Андрей Сахаровтың «Естеліктерінде» бұл жөнінде нақты жазылған.

Әнуар Әлімжанов Лондондағы Ядролық қарусыздану ұлттық комитетінің конференциясында сөйлеген (10.11.1990 ж.) сөзінде (бұл баяндама мәтінін бізге белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауре аты, Қазақстанның Құрметті журналисі Ғаббас Қабышұлы ағамыз жолдаған еді – И.Б.) тағы да былай деген екен:

«…Кеңестік сол сутегі бомбасын Қайнар ауылы іргесінде сынау алдында әскери басшылар ол жердің халқын басқа жаққа уақытша көшіре тұруды ұйғарған да, жап-жас 42 жігітті ғана қалдырған. Тәжірибе жасауға керек қояндай етіп! Бүгінде олардың 37-і жоқ, сынақ зардабынан қайтыс бол ды, қалған бесеуі – ауыр сырқат. Сондай-ақ, Қайнар ауылының 1 тұрғыны қан дертінен көз жұмды; радиацияға ұшыраған 14 кісі өзіне-өзі қол жұмсады; 170 кісі қатерлі ісіктен қайтыс болды. Сол шағын ғана Қайнар ауылында 28 баланың ақыл-есі дұрыс емес немесе дене бітімі кемтар болып туған. Бір ғана жарылыстың кесапатын тартқан ауылдың қайғы-қасіретті жағдайы, міне, осындай!..»

Міне, жазушы Әнуар Әлімжановты ашындырған бұл деректер кім-кімді де бейжай қалдырмасы анық. Соны бұдан ширек ғасырға жуық бұрын шетелдің белді шаhарында әлемдік деңгейде мәселе етіп көтере білген жазушының қайраткерлігіне еріксіз разы болғандаймыз.

ЖЕР-АНА ЖӘНЕ ЖАНАЙҚАЙ

Шынында да, қырық жылдан астам уақыт бойы жарылыстардан пәрша-пәршасы шығып, зар қақсаған ЖерАна төсі небір сұмдықтарды бастан кешпеді?! Полигон зардабын тарту тек Семеймен ғана шектеліп қалмай, еліміздің батыс аймағын да өзінің шылбыр-шеңгелінде шырмағандығы белгілі.

Нарын мен Тайсойған, Азғыр құм-шағылдары өте күшті жерасты және жерүсті дүмпулерінен зәрезап күй кешті.

Дәлелді алыстан іздемейақ қоялық. Осы жолдардың авторы бұдан отыз жыл бұрын арнайы теледидарлық шығармашылық топпен Атырау облысының Тайсойған ауылын, Нарын құмындағы Чапаев елді мекенін, Азғырдағы Асан ауылдарын түгел шарлап, «Жарылыстан көз ашпаған далам-ай…» атты циклді телефильм түсірген еді. Сол кезде полигон аумақтарында құлаған ракета сынықтары тау-төбе болып үйіліп жатты.

Ауыл адамдары сол қалдықтардан шарбақ, қора жасап та алған. Олар жарылыстардың қалай жүзеге асырылғандығын, әскерилердің сынақ алдында малшыларға ұдайы таза спирт әкеліп беретіндігін, сосын жарылыс басталарда бір сағаттай бұрын оларды бала-шағасымен машинаға тиеп алып, бір төбе асырып тастайтынын жыр ғып баяндап берген.

Сол телефильмді түсіру барысында біз бір ғана шағын ауылдың өзінен 1617 жастағы ондаған бозбала мен бойжеткеннің дарға асылып қалғандығын, қатерлі ісік ауруының небір ауыр түрлерінің шамадан тыс көбейіп кеткендігін көзімізбен көрдік.

3-4 жастағы бүлдіршіндердің ақ қан (лейкемия) сырқатына шалдығуы да тым көбейіп кеткен екен (соңғы кезде бұл сырқат мүлде өршіп бара ды). Тіпті, сол сапарымызда қол-аяғы бұратылып біткен шарананы көріп те жанымыз күйзелген болатын.

– 1952 жылдан бері Батыс Қазақстанда шамамен 20 өте күшті атомдық жарылыстардың байқаусынақтары жүргізілген. Атырау облысының «Азғыр», «Галит», Батыс Қазақстан облысының «Регион №3», «Лира», «Капустин Яр», Ақтөбе облысында «Батолит», «Ембі №5» полигондары болды, – деп еді өзара пікір алысқанда халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Қазақстанның батыс аймағы бойынша филиалының директоры Ізімғали Көбенов.

Иә, сол жарылыстардың зардабын тұрғындар әлі күнге дейін тартып отыр. Өйткені, бұл бірден біліне қоймайды да, ұрпақ ауыса келе небір сұрқия ауру түрлері, мүгедектік, жетілу кемістіктері шыға береді. Сондықтан да, емдеусауықтыру шараларына оңды көзқарас керек.

P.S.

Адамзат қолымен жасалған тажалдан қырық жыл бойы зар жылаған Жер-Ананың жан жарасы әлі де жазылып болған жоқ. Соны көріп-біліп отырып, қоршаған ортаға деген немқұрайлылық пен табиғатты аяусыз бүлдіру әрекетіне батыл тосқауыл қояр уақыт жетті.

Ендеше, ақыл-ой жаппай оянып: «Тоқтаңдар!» деп жар салуға кірісті. Ажал қаруын шығару аламанын дереу тоқтатуға шақыру жүріп жатыр. Батыс пен Шығысты табыстырған Уақыт, біздің назарымызды жалпы адамзаттық құндылықтарға бұрған Уақыт, жеріміз үшін, келешек ұрпағымыз үшін ядролық қарусыз бейбіт өмір орнатуға мүмкіндік берген Уақыт адамзаттан осыны талап етуде. Бұл – біздің ең ізгі мұратымыз. Оның ішінде сіз де барсыз, біз де бармыз, әлеумет!..

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз