Аққыстаудан автобус жүреді

Аққыстаудан автобус жүреді Жаңалықтар

ИСАТАЙ. Аудан орталығы – Аққыстау ауылын Атыраумен жалғастыратын жолаушылар тасымалының жайы туралы мәселені халық біраз жылдардан бері қозғап келеді.

Аққыстаудан автобус жүреді

Оның үстіне, екі аралықтағы жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуы, адам өмірінің қапыда қиылуы да жиілеп кеткен еді.

Жақында екі аралыққа қатынайтын 50 орындық жаңа автобус жүріп, жолаушыларға қызмет көрсете бастады. «Аққыстау –Тұщықұдық – Х.Ералиев – Атырау» бағытында бару және қайту бағытында күніне төрт рет қатынайтын автобустың жол жүру ақысы 400-550 теңге аралығында.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз