Ағылшын тілін меңгерген журналистерге сертификат табысталды (ФОТО)

IMG 6946 Жаңалықтар

Облыс әкімдігінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Баста Uр» жергілікті бастамаларды қолдау қоғамдық қоры алғаш рет «Журналистерге арналған ағылшын тілі» жобасын жүзеге асырған болатын. Оның аясында барлығы 45 журналист 35 сабаққа қатысып, ағылшын тілін меңгерді. Осы орайда, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында ағылшын тілін үйрену курсына қатысқандарға сертификаттар табысталды.

IMG_6945

IMG_6947

DSC_0767

Алдымен, оқу курсына қолдау танытқан «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы мен «АПЕК Петротехник» колледжінің ағылшын тілі мұғалімі, үйретуші-жаттықтырушы Айдана Бисенғалиеваға Алғыс хаттар табысталды. Осыдан кейін Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ринат Құлмағамбетов оқу курсынан өткен журналистер мен студенттерді құттықтады.

DSC_0746

IMG_6944

«Елбасы аталған мақаласында бәсекеге қабілетті болу үшін әр сала мамандары шет тілдерді жетік білу керектігін ерекше атап айтқан болатын. Яғни, әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға лайықты қасиетке ие болғаны абзал. Атап айтқанда, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық секілді факторлар – әркімнің алға басуына қажетті алғышарттар болып табылады. Жаңа жобада осының бәрі қамтылған»,-деді ол.

IMG_6943

Соңында «Бастапқы», «Бастаушы» және «Жалғастырушы» деңгейлерінің қатысушыларына сертификаттар табысталды. Ал, жергілікті «The String» тобы ағылшын тіліндегі әдемі әндерімен шараның шырайын келтірді.

IMG_6946

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Максим СТАДНИЧЕНКО

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз