«Ақтөбе-Атырау» бағытында айналма жолдар пайдалануға берілді

2019 05 28 whatsapp image 2019 05 28 at 14.08.38 Жаңалықтар

Аtr.kz/31 мамыр, 2019 жыл. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов арнайы жұмыс сапарымен Атырау өңіріне келді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолын жаңарту жұмыстарының барысын бақылады.

Жобаны жүзеге асырып жатқан бас мердігер компания «СинеМидасСтрой» ЖШС-нің өкілдері «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолындағы құрылыс жұмыстарының қарқыны туралы баяндады.

Республикалық маңызы бар автожолдың 833-893 км учаскелерінде құрылыс жұмыстарын биыл басталды. Аталмыш учаскелерде ұзындықтары 6 және 8 шақырым айналмалы жолдар пайдалануға беріліп, негізгі жолдарда жер төсемі салынуда. Бұл нысандағы жөндеу жұмыстарына 145 бірлік жол құрылыс-техникасы мен 210 адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолын қайта жаңарту Қазақстан, Қытай, Ресей және Батыс Еуропа мемлекеттері арасында тауарлар мен жолаушылар транзитін жетілдіреді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай туғызатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз