Ақсақалын тыңдаған жас адаспайды

басты жаналык1 Жаңалықтар

Республикалық ардагерлер ұйымы семинарынан түйген ой осы болды.

Өткен бейсенбі, жұма күндері Атырауда ардагерлер активінің республикалық семинар-кеңесі өтті. Оның жұмысына ардагерлер ұйымдары Орталық кеңесінің басшылары, Астана, Алматы қалаларының  және  барлық облыстық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің жетекшілері, қала, аудандар әкімдері мен мекеме, ұйымдар басшылары қатысты.

Жұма күні таңертең  облыстардан келген ардагерлер ұйымдарының жетекшілері Жеңіс саябағындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар рухына тағзым етті. Мәңгілік алау жанына келіп, Отан үшін майдан даласында шейіт бол-ғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Алау жанында үрмелі аспаптар оркестрінің әуенімен гүл шоқтары мен дестелерін қою рәсімі өтті.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba

Гүл дестелері «Қазақстан Республикасы  ардагерлер ұйымы»  республикалық  қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың және облыстық, қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағаларының атынан қойылды.

Бұдан соң жиналған олар 1936-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбандарының, Ауған соғысына қатысып, өздерінің интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлердің рухтарына бас иді. Ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Ардагерлер ұйымдары басшыларының Атырау облысындағы республикалық семинар-кеңесінің пленарлық отырысы «Салтанат сарайында» өтті.

Семинарға Орталық кеңестің басшылығы, облыстық, Астана және Алматы қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары, өңірге белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, «Қазақстан-Заман» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Сәуле Мешітбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba1

Алқалы жиынды «Қазақстан Республикасы  ардагерлер ұйымы»  республикалық  қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов сөз сөйлеп, ашты. Бұдан кейін  облыс әкімі  Нұрлан Ноғаев семинарға қатысушыларды аймақтың бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуынан қысқаша хабардар етті.

– Бүгінгі таңда Атырау облысы – ел экономикасында өзіндік орны қалыптасқан, салт-дәстүрі мен мәдениетіне берік аймақ. Қазақстандағы барлық «қара алтынның» 30 пайыздан астамын өндіретін және ел қазынасына қомақты қаржы құйып отырған аймақта барлық салада даму үрдісі байқалады. Өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік  ахуал мен саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары толығымен жүзеге асырылуда,-деген аймақ басшысы қонақтарға «қош келдіңізін» айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинарда «Қазақстан Республикасы  ардагерлер ұйы-мы»  республикалық  қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу,  қарсы іс-қимыл жасау, анықтау, жолын кесу – адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады. Ол көпшілік назарын  Мемлекет басшысының терроризмге қарсы күрес бойынша заңнаманы жетілдіріп, құқық қорғау шараларын қабылдау жөніндегі тапсырмасына байланысты Мәжілісте  талқыланып жатқан заң жобасына аударды. Елбасының тапсырмасы бойынша экстремизмге және терроризмге қарсы тұру, қарсы барлау қызметі, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу, елдің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту мәселелері бойынша бірнеше заң жобалары әзірленгендігін жеткізді.

Қазіргі ел Парламенті Мәжі-лісінде қызу талқыланып жат-қан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарауға алынды. Депутаттармен 24 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

– Заң жобасының мақсаты – терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, қару-жарақ айналымы және көші-қонды реттеу саласындағы қолданыстағы заң жобасын жетілдіру болып отыр. Соңғы бес жылда елімізде 445 терроршы ұсталып, түрлі мерзімдерге сотталды, 64 террорлық актінің жолы кесілді. Ал, әлемде он бес жылда 61 мыңнан астам террорлық акт тіркеліп, 140 мың адам ажал құшты. Осы уақыт ішінде террорлық әрекеттер он бес есе өскен. Бұл аса қауіпті дерт соңғы кезде Ақтөбе, Алматы қалаларында орын алып, барша қазақстандықтардың үрейін тудырып, терроризмге деген ашу-ызасын күшейтті. Елдің бірлігі мен тыныштығын сақтаудың қаншалықты маңызға ие екендігін қазақстандықтар саналарына сіңіргендей болды. Террорлық әрекеттерге баратындардың 55 пайызының 30 жасқа дейінгі жастар екендігін ескерсек, біздің қоғамның әр мүшесінің алдына зор жауапкершілік жүктеліп тұрғандығын аңғару да қиын емес, – деді баяндамашы.

Жалпы, діни экстремизмнің қай аймақта болмасын, таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен, бұл – діни са-уатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр.

Тұрғындардың арасында, әсіресе, жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі. Мұндай соқыр сенім діни фундаментализмнің, сәйкесінше діни фанатизмнің алғышарттары болуда.

Сонымен, еліміздегі нақты жағдай қандай? Дін саласындағы проблемаларды ойдағыдай шешу үшін оған кешенді шаралар қажет. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық, оның ішінде діни салалардағы түрлі мәселелерді кешенді түрде қарастырған жөн.

Бүгінде әлеуметтік-экономикалық саладағы кезек күттірмейтін міндет, ол – жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, баспанамен қамтамасыз ету. Мәліметтерге қарағанда, елімізде экстремистік бағыттағы әрекеттері үшін сотталғандардың 90 пайызға жуығы жұмыссыз жастар екен. Әлеуметтік фактордың рөлі ерекше маңызды екенін осыдан көруге болады. Сол себептен де Мемлекет басшысы аталған проблеманы шешу мақсатында қажет болса, еңбек заңнамаларына өзгерістер енгізу жөнінде тиісті нұсқау да берді. Осы жерде атап өту керек, кейбір жағдайларда әлеуметтік теңсіздіктің де наразылық тудыратыны белгілі.

Семинарға қатысып, пікір білдірген Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, академик Еренғайып Шайқұтдінов, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды  облыстық ардагерлер кеңестерінің жетекшілері  Рымтай Шөкеев, Кеңес Бірманов, Оралды Төреғожин, Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров, Исатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмажан Қадимовтердің сөздерінен осындай ойларды ұғынуға болады.

Семинарды қорытқан Бақтықожа Ізмұхамбетов шараны ұйымдастырып, өткізуге ұйыт-қы болған жергілікті билік өкілдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдарына алғыс айтты.

Республикалық ардагерлер Орталық кеңесі атынан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халелов ардагерлер ұйымының төсбелгісімен, сондай-ақ, бірқатар ұйым белсенділері Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапатталды.

 

Ұсыныс. Пікір. Ой.

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы»  республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі Атырауда өткізіліп отырған Республикалық семинарда Елбасының Жолдауынан және ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі съезінің міндеттерінен туындайтын мәселелерді жан-жақты талқылап, ортақ пікірлерді тоғыстырдық. Халық арасында ардагерлер ұйымдарының белсенді топтарымен атқарылатын жұмыстарды айқындауға мүмкіндік туды. Қай қоғамда да адам баласы үшін орынсыз қару пайдалану, бейбіт халықты қорқыту-зорлау үлкен үрей тудыратыны белгілі. Экстремизм мен терроризмнің жолын кесу жайы барлық аймақтық ұйымдарда талқылануда. Өскелең жастар мен ардагерлер арасындағы байланысты жетілдіре отырып, ел болашағы – жас буынға үлгі-өнеге көрсету, адами құндылықтарды түсіндіру, осы бағытта атқарылып жатқан игілікті істерді, оң тәжірибелерді тарату, ұрпағымызды діни теріс ағымдардың ызғарынан сақтандырудың маңызы зор.

Қазір еліміздің Парламентінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі заңның жобасы талқыланып пысықталу үстінде. Республикалық ұйым атынан біз Заңға байланысты өз ұсыныстарымызды жолдадық. Халықтың арасында қоғамы-мызға жат әрекет етуші экстремистік топтардың әрекеттеріне қылмыстық жауапкершілікті қатайту мәселесін қойып отырмыз.

 

Батыржан МАНСҰРОВ,  Атырау облысының бас имамы:

– Еліміздегі діни сенім бостандығын дұрыс түсінбей жүрген жастарымыз түрлі адасқан ағымдардың жетегіне еріп кетуде. Бұл – біздің елдігімізге сын, бабалар тарихы алдында ұят нәрсе. Сондықтан, осындай жағдайда дуалы сөзімен көпті қаратқан ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, дәстүрімізде жоқ салт-жоралғылардың әдетке айналып кетпеуіне өз үлесін қосып, бүгінгі қоғамдағы діни сауатсыздықтың алдын алуда белсенділік танытса деймін. Осы орайда қарияларымыз бос уақытын мешітке арнағаны дұрыс дер едім.

Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, теріс ағымға еріп адасқан жастарымызға жөн айтып, жол көрсетуде ақсақалдарымыз үлкендіктерін танытып, қатарымыздан табылса дейміз. Өйткені, бүгінгі имамдардың барлығы – жас мамандар. Егер үлкендер тарапынан өсиет айтылып жатса, келер ұрпақты теріс жолдан сақтайтын қалқан болар еді. Ата болып, ақыретінің қамын ойлаған, батасын беріп, кейінгінің жайын ойлаған қазақ қарияларының ел ішінде қашан да абыройлы болғанын біз тарихтан білеміз.

Қолдан келгенінше қарияларымыздың Алланың үйінде діни сауатын ашып, намаз үйренуіне жағдай жасауға қашан да мүдделіміз.

Үшіншіден, теріс діни ағым уағыздаушыларының барлығы дерлік өзге ұлт өкілдері. Бірақ, мұны ұлтшылдық деп түсінбеу керек. Қалай болғанда да бізге ұлттың тұтастығы, қауіпсіздігі қымбат. Сондықтан, теріс ағым және олардың уағыздаушыларына заңды түрде тыйым салынса дейміз.

Бақытжан ЖҰМАТ

Суреттерді түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз