Ақсақалға құрметті атақ берді

Құрманғазы аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Халықаралық қариялар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өтті.

Абыз ақсақалдарымызды аудан әкімі Бибоз Шаяхметов құттықтап, Жұмақай Ғұмаровқа «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағын, ардагер ұстаздар Есенғұл Қаражановқа, Сара Алпысоваға, Жаннат Құрманғалиеваға  Құрмет грамотасын, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиевке Алғыс хат табыс етті.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Райса Нұрғалиева, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев те бір топ қарияларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз