Жаңа оқу жылы: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

1590128178 3949 1 Білім

Atr.kz/25 тамыз, 2020 жыл. Бүгінгі білім саласы инновациялық және технологиялық жетістіктерге қол жеткізуде. Бұл ретте мемлекет тарапынан жан-жақты жұмыстар жасалып жатыр. Осы орайда облыс педагогтары здеріне жүктелген жауапкершілікті терең түсініп, жаңа оқу жылын әлемдік білім беру кеңістігіндегі тың талаптарға сәйкес бастағалы отыр.

Біліктілік – басты назарда

Педагог кəсібінің беделін жəне олардың сапалық құрамын арттыру – күн тəртібіндегі мəселе. Осы орайдабиыл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 187 педагогы білімін жетілдірді. Қашықтан оқыту əдістемесінде білім беру тəсілдерін аймақта барлық мұғалім меңгерді. Олардың мансаптық өсуінің жаңа жүйесі бойынша облыста педагогтардың модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санаттарының үлес салмағы 53 пайызды құрайды.

Ғылымға бетбұрыс басым

Білім алушыларды ғылым негіздеріне үйрету, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру бағытына басымдылық берілуде. Осыған орай, дарынды оқушыларды, ауыл мектептерінің үздіктерін анықтау мақсатында облыс əкімінің қолдауымен биыл «Атырау облысы білім беру басқармасының таланттарды анықтау жəне қолдау орталығы» ашылып, жұмысын бастады. Халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулері оқу сапасының нəтижелерін жақсарту міндетін алға қояды.

Осыған орай білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда əртүрлі оқу жəне өмірлік жағдаяттар, əлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. Бұл жобадағы Атырау облысының көрсеткіші, өкінішке қарай, төмен деңгейде. Халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі, мұғалімдердің оқу процесінде тапсырма үлгілерін жүйелі қолданбауы осындай жағдайға əкеліп отыр. Соған байланысты жаңа оқу жылында Халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің білім сапасын жақсаруына оңды əсер ету жолдарын жүйелі түрде қарастырмақпыз.

Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы

Облыста Педагогикалық шеберлік орталығымен, Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлескен 28 жетекші мектеп жұмыс жасайды. Оларға географиялық орналасуына қарай өңірдегі барлық мектеп тартылған. Биылғы оқу жылында оның саны тағы да жеті мектеппен толығады. Үштілді білім берудің мүмкіндігіне ықпал етіп келе жатқан «Атырауда ағылшын тілін қашықтан оқыту» жобасына (BRITISH COUNCIL жəне NORTH CASPIAN OPERATING COMPANY компаниясының адами капиталға бағытталған əлеуметтік серіктестік жобасы) облыстың сегіз мектебі тартылған. Компания ұстаздар мен балалардың Чехия, Ресей секілді елдер мен Нұр-Сұлтан қаласындағы білікті мамандармен бір командада ағылшын тілі сабақтарын өткізуіне мүмкіндік жасап отыр.

Нəтижесінде, қатысушылар коммуникативтік оқыту əдістемесі бойынша білімін арттырды.Шілде айында облыстың 15 002 педагогы Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Педагогикалық шеберлік орталығы» əзірлеген «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты онлайн-курсынан өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны» курсынан 196 педагог аудиторлы, 410 педагог онлайн түрде білімдерін жетілдірді. Қысқа мерзімді курстардан 474 мұғалім сертификатталды.

Облыстық «Атамекен» кəсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Кəсіпкерлік жəне бизнес негіздері» курсынан 50 мұғалім оқытылып, пəн оқулықтарымен қамтамасыз етілді. «Педагогикалық шеберлік орталығы» Атырау филиалының оқушыларды бағалау бойынша курсынан облыс бойынша 246 педагог, 13 əдіскер өтуде.

Қашықтан оқыту: қалай жүзеге асады?

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқытудан басталады. Бұл ретте оқушылар мен мұғалімдердің интернетке қолжетімділігі, техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне талдау жасалды. Облыс бойынша 355 мұғалімге компьютер қажет болса, бұл мəселе мектеп арқылы шешілді. 16 693 оқушыға компьютер жетіспейтіндігі белгілі болды. Балаларды оқыту үшін 1800 отбасы интернет желісіне қосылуы қажет. Үй жағдайында ғаламторға қосылу мүмкіндігі жоқ үш мың балаға, яғни, 1800 отбасы үшін «Қазақтелеком» АҚ арқылы қосу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алынуда. Бірінші кезекте көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұялар есепке алынады. Облыста интернет жылдамдығы төмен 47 мектептің 31-іне жылдамдықты көтеру үшін нақты шаралары қарастырылуда.

Ерекше балалар қоғамнан тыс қалмайды

Аймақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 6979 бала бар. Қоғамның əлеуметтік тобындағы ерек-ше санатқа ие бұл балаларға мектеп-терде инклюзивті білім беру төрт бағытта жүзеге асып келеді. Басқарма тарапынан былтырғы оқу жылында «Атырау SUPPORT» мекемесімен бірлесе «Инклюзивті білім беру бойынша тьюторлық қызметпен айналысатындар жəне ата-аналар» жобасы іске асырылды.

«Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі бастамасымен Атырау қаласындағы No6, No3, No24 орта мектептерінде психикалық жəне сөйлеу қабілеті те-желген, аутизмі бар балалардың арнайы маманның сүйемелдеуімен қалыпты балалармен бір деңгейде білім алуы-на мүмкіндік жасайтын инклюзивті қолдау сыныптары ашылды. Бұл игі іс жаңа оқу жылында да жалғасын тауып, Индер ауданында инклюзивті білім беретін арнайы сынып жұмысын бастайды.

Аймаққа – 101 жас маман

Білім саласындағы басты проблемалардың бірі – педагог мамандардың жетіспеушілігі. Бұл мəселені шешу мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жəне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттерімен бірлесе жұмыстар жасалды.

Нəтижесінде жаңа оқу жылында облыстағы педагогтар қатары 101 жас маманмен толықты. Оның ішінде 20 маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында еңбек жолын бастайды. Облыста 12 үшауысымды мектеп бар. Мəселені шешу үшін жалпы 2100 орындық үш мектептің құрылысы жүруде. Екі мектепке əрқайсысы 120 орындық жапсаржай салынуда.

Бұл құрылыстар биыл аяқталады. Нəтижесінде алты үшауысымды мектептің мəселесі шешіледі. Келесі жылы 160 орынды М.Жұмабаев атындағы орта мектептің құрылысы аяқталады. Ал, 2022 жылы 4200 орынды жеті білім ордасы құрылысының аяқталуымен тоғыз үшауысымды мектептің мəселесі шешіледі. Бес апатты мектептің мəселесі бойынша əрқайсысы 300 орындық екі білім нысанының құрылысы жүруде. Оның бірі қыркүйекте іске қосылады.

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-əдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету мақсатында баспалармен келісім-шарттар жасалды. Қазіргі оқулықтар мектептерге жеткізіліп, оқушыларға таратылуда. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін білім беру ұйымдары оқулықтармен толық қамтылады.

Ал, материалдық-техникалық базаны жақсарту жұмыстары жоспарға сəйкес жүзеге асырылуда. Облыс мектептері бейнекамералармен толықтай қамтылды. Қосымша қамту мақсатында 2057 камера орнатуға 186,1 млн. теңге қаржы қаралды. Қоғамның өзгеруімен байланысты білім берудегі əдістер де үнемі жаңарып отырады. Ал, ұстаздар қауымының қандай болмасын жаңалықтан тыс қалмайтыны айқын. Осы орайда жаңа оқу жылында педагогика саласының қозғаушы күші, мектептің жүрегі саналатын мұғалімдердің озық ойларының нəтижесінде əлі де тың ізденістер орын алады деп сенемін.

Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ,

облыстық білім беру басқармасының басшысы

  • Өңірдегі демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты балабақшалар мен мектептерге деген сұраныстың да артатыны белгілі. Аймақта бұл ұйымдардың желісін ұлғайту мәселесі қазір де өзекті болуда. Былтыр жеті мектеп пен тоғыз балабақша пайдалануға берілсе, биыл он мектеп пен бес балабақшаның құрылысы жүргізілуде.
  • Биыл шілдеде Атырау қаласында Жастар сарайы пайдалануға берілді. Ендігі уақытта Мақат ауданында Оқушылардың шығармашылық орталығын ашу жоспарлануда.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз