Тәжтажалға тегеурінді тосқауыл қажет!

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл.  …Аспан жерге түсіп тұр. Айналадан түтіннің иісі шығады. Аптап ыстықтан көлеңкелеп, көтерме базардағы дүңгіршектердің біріне кіргенбіз. Дәп бізді күтіп отырғандай, сатушы сөйлей кетті. «Мә, әлі бетпердемен жүрсіздер ме? Шешіп тастаңыздар. Коронавирустың бар екеніне әлі сенетін адам болдыңыздар ғой. Ауру деген жоқ! Мұның бәрі – саясат» деді ол кірер-кірместен.

Қапелімде не айтарымызды білмей, орнымызда ұзағырақ тұрып қалыппыз. Маңдайымыздан тер шықты. Тек жан- жағымызға көз жүгірткенде ғана өз-өзімізге келдік. Байқағанымыз, дүңгіршектің іші лас. Көптен тазаланбағаны байқалып тұр. Осы көрініс біздің қытығымызға тиді. «Вирустың таралып жатқанына қалай сенбейсіздер? Күн сайын қаншама науқас анықталып жатыр. Ешкім тектен-тек ауруханаға жатқызылмайтын шығар. Қазір бетпердемен демала алмасаңыз, беті әрмен, инфекция жұқтырсаңыз, арнайы аппаратпен де тыныс алуыңыз қиындайды. Өйткені, вирус бірден өкпені қабындырады. Ал, мұны ойлап па едіңіз?!» дедік біз.

Мұндайды күтпесе керек, саудагер тілін тістеп қалды. Алайда, бұл сұхбат бізге бүгінгі күннің ащы шындығы мен шынайы келбетін көрсеткендей болды. Расымен солай еді.

 ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Атырауда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны к ү р т к ө б е й д і . Б ұ р ы н науқастар вирусты жеңіл өткерсе, бүгінде басым бөлігі ауруханаға аурудың ауыр түрімен жатқызылуда. Алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер бірнеше ай бойы от­басымен қауышпастан жұмыс істеп, адам жанын арашалауға бар күш-жігерін салып жатыр. Ең қиыны, коронавирустық инфекцияның салдарынан өмірден өткендердің қатары азаймауда. Аймақтағы ахуал алаңдата бастаса да көпшілік көшеде емін-еркін жүр. Қарапайым санитарлық талаптарды сақтамайды. Бүгінде қауіптісі де осы жағдай болып тұр.

 – «Сақтансаң, сақтармын…» Бұл тәмсілдің халық арасында айтылғанына бірнеше ғасыр болғанымен, ол әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Менің ойымша, әлі жоймайды да! Мәселен, бір науқас жұқпалы ауруды санаулы минутта бірнеше сау адамға жұқтыра алады. Ал, көптеген инфекцияның қарапайым

 тазалық шараларының сақталмауынан өршитінін білеміз бе? Тіпті, әлемді шарлаған вирус та аймақтарда санитарлық талаптарға құлақ аспағаннан белең алып бара жатыр. Айталық, ЖРВИ аурулары көбейетін көктем, күз айларында гигиена сақтап, уақытында екпе салдыртып, пияз, сарымсақты жиі қолданған адамның сырқатқа бой алдырмайтынын ғылым да, күнделікті тәжірибе де дәлелдеді. Алайда, қарапайым ережелерді орындамаудың салдары көпшілікке ауыр тиіп жатады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» дұрыс қой, – дейді КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина саласының ардагері Ахмет Махметкереев.

Бұл пікірмен келіспеске б о л м а й д ы . С ұ р ы қ с ы з статистика төбе шашты тік тұрғызады. Елімізде қатаң карантин режимі аяқталып, шектеу шаралары бәсеңдетілген кезден- ақ ауру қайта бас көтерді. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, қатерлі дерт науқаспен қарым-қатынаста болғандар арасында белең алуда.

– Скрининг кезінде 34,5 пайыз, демобилизация – 11,6, өз бетімен медициналық көмекке жүгінгендер – 7,7, шетелдерден келгендер арасында – 1,1 пайыз тіркеліп отыр. Көп реттерде жұқтыру отбасы мүшелері мен туысқандар және өндіріс жұмысшылары арасында оқшаулау ережелерінің сақталмауынан орын алды. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері кезінде қарым- қатынастағы 3601 тұрғын анықталды. Оның ішінде 1711-і сырқаттармен жақын байланыста болған, – деді аймақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

СЕЛҚОСТЫҚ САН СОҚТЫРАДЫ

Бас санитариялық дәрігер Теңіз кен орнындағы ауыр ахуалды компания басшылығының тиісті шараларды уақытында жүзеге асырмағандығымен байланыстырады. Оның сөзінше, қызметкерлерінің көбі – еліміздің басқа аймақтары мен таяу шетелдің тұрғындары. Олар вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Аймаққа ауру әкелушілер де солар болуы мүмкін.

– Қазіргі таңда Атырау, Құлсары қалаларында, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарында қатерлі аурумен ауыратындардың саны күрт жоғарылап кетті. Әсіресе, балабақшалар, мемлекеттік орындар қызметкерлері арасында сырқаттанудың көптеген дерегі тіркеліп отыр, – деді Амантай Жұмағалиев.

Айталық, маусым айында Теңіз кен орнынан тыс орналасқан өндірістік мекеменің жұмысшылары а р а с ы н а н C O V I D – 1 9 ауруы шықты. Қызылқоға а у д а н ы а у м а ғ ы н д а ғ ы «Қайнармұнайгаз» мұнай- газ өндіру басқармасына техникалық қызмет көрсететін «KazPetroTrans» ЖШС- нің бес жұмысшысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Тексеріс кезінде серіктестіктің жатақханасы мен асханасы санитарлық талапқа толықтай сай келмейтіндігі белгілі болды.

О с ы н д а й к е м ш і л і к «Жылыоймұнайгаз» мұнай- газ өндіру басқармасының «Қисымбай» кен орнында жұмыс жасап жатқан мердігер мекеме – «Дос Суппорт» ЖШС-не де тән. Оның жұмысшысынан ауру белгісі анықталды.

 – Алғаш анықталған науқас «Қисымбай» кен орнындағы «Медикер» медициналық бекетіне ауру белгілерімен қаралған. Аудандық емханадан ПЦР сынамасы алынып, оның қорытындысында оң нәтиже шыққан. Бұған дейін науқас вахтаға COVID- 1 9 – ғ а теріс нәтижемен жіберілген. Онымен қарым- қатынаста болған 55 адамнан вирусологиялық зертханаға сынама үлгілері алынып, нәтижесінде 33 адамнан оң нәтиже шықты, – деген облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Амантай Төлегенұлы бұл кен орнында вахталық қалашықтың оң санитариялық- э п и д е м и о л о г и я л ы қ қорытындысы бар екендігін атап өтті.

Ал, вирус анықталған екінші аумақ осы басқармаға қарасты «Тереңөзек» кен орны болып отыр. Мұнда маусым алдында жұмысшылар ПЦР сынамасынан өткен. Алайда, аурудың таралуына жол беріліпті. Ол мердігер мекемеде алғаш анықталған науқастардан жұғу арқылы таралғаны белгілі болды.

Инфекция таралуының үшінші ошағы 13 маусымда «Айранкөл» кен орнындағы «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СМ ЖШС-не мердігер « М ұ н а й К ө л і к » Ж Ш С жұмысшысынан тіркелді. Осында ауысымға келген жұмысшыларды «Каспий Нефть» АҚ медициналық қызметкері COVID- 1 9 анықтамасымен кіргізгенімен, кезекті ауысымға келген « М ұ н а й К ө л і к » Ж Ш С жұмысшыларының ішінде ауруға шалдыққан адам ешқандай кедергісіз жұмыс орнына барған.

– «Атырау қаласындағы ұлттық индустриалды мұнай- химиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағында құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан (тапсырыс беруші – « Қ а р а б а т а н У т и л и т и С о люше н с » ) « Б а з и с констракшн» ЖШС-нің мердігері «АБТМ» ЖШС-нің жұмысшылары арасынан алғашқы бес ауру 11 маусымда тіркелді. Осы науқастармен қарым-қатынаста болған 25 адам тексерілгенде олардың арасынан тағы да бес ауру жұқтырушы анықталды, – деді Амантай Төлегенұлы.

«АБТМ» ЖШС-де 34 адам жұмыс жасағанымен, тұрып жатқан қалашығына, асханасына санитариялық- эпидемиологиялық қызметтен қорытынды алмаған. Соған қарамастан олардың жұмыс істегені белгілі болды. Ең сорақысы, тар вагонда бірнеше адам тұрып жатыр, оның санитарлық жағдайы өте төмен. «Базис констракшн» ЖШС вахталық қалашыққа э п и д е м и о л о г и я л ы қ қорытынды алмаса да жұмыс жасауда.

– Тапсырыс беруші – мердігер компаниялар ө з д е р і н і ң қ о с а л қ ы мердігерлеріне ешқандай санитарлық талап қоймайды. Медициналық қызмет көрсететін мекемелері ж о қ , с а н и т а р л ы қ – эпидемиологиялық қызмет орнынан қорытынды алуын талап етпейді. Ал, мұның соңы қауіпті індеттің белең алуына себепші болды, – деді сұхбаттасушымыз.

ӘДЕТ ПЕН ӘДЕП

Қ а ш а н д а к е ң д і к к е дағдыланған дархан даланың ұрпақтарымыз ғой. Елімізде жарияланған төтенше жағдай біте салысымен жұрт бұрынғы әдетіне қайта оралды. Бұрын- соңды болмаған жағдай халықтың тұрмысына, өмір сүру салтына қатты әсер етті. Бұл – індеттің өрши түсуіне әкелуде.

Осы орайда, Стивен Содербергтің «Заражение» триллері ойға оралады. Кинотуындыда аң-құстан тараған белгісіз вирустан өлім-жітім көбейіп, бүкіл әлем әбігерге түседі. Ауру өршіген алғашқы күндері халықта үрей басым болады. Жұртшылық өзін оқшаулай бастайды. Бірақ, уақыт өте келе әлеуметтік желілерде кейбір арандатушылардың, күмәнмен қарайтындардың қатары артады. Осының әсерінен халық бейқам күйге түседі. Соңында індет жер- жаһанды аяусыз жалмайды. Драма «хэппи энді» сала м а м а н ы н ы ң в а к ц и н а ойлап табуымен, осының нәтижесінде талай адамның ажалдан аман қалуымен өте әсерлі аяқталады. Мұнда өзін- өзі оқшаулау шараларының күшейтілуі маңызды болады.

Осыдан тоғыз жыл бұрын жарыққа шыққан туындыдағы оқиға бүгінде айна-қатесіз қайталанып жатыр. COVID-19 таралған кезде қорқынышқа бой алдырып, дүрбелеңге түскен жұрт азық-түлік дүкендеріндегі сөрелерді босатып, қолына ілінгеннің бәрін сатып алды. Кейін әлеуметтік желілердегі сан түрлі пікірлердің әсерінен қатерлі дертке күмәнмен қарайтындардың саны өсті. Халық қайтадан жайбарақат, бетпердесіз жүріп, ара қашықтықты сақтамай, той- топыр мен садақаға жиналды. Оның соңы аурудың белең алуына ұласып отыр. Ал, қарапайым қағидалар мен сақтық шараларын сақтау – қауіпті індеттен құтқарар негізгі жол екенін жадымыздан шығарып алғанымыз өкінішті.

Санитарлық дәрігерлер мен сала мамандарының қайталап ескертіп отырғаны – осы жағдай. Енді тиісті ережелерді сақтау – күнделікті өмір сүру әдебіміз бен әдетімізге айналуы тиіс. Уақытша қатаң шектеулер індеттің таралуын тек уақытша тоқтататынына көз жеткізетін кез келді. Бүкіл әлем болып күресіп жатқан коронавирустық инфекцияның оңайлықпен жойыла қоймайтынын бәріміз де байқап отырмыз. Оның үстіне, әлі бірде-бір мемлекеттің ғалымдары дертке қарсы вакцина ойлап тапқан жоқ, дегенмен, жұмыстанып жатыр. Мамандар мұндай карантиндік талаптарды екі жыл бойы ұстануға тура келетінін айтып отыр. Сондықтан, бұл шараларды т ұ р м ы с с а л т ы м ы з ғ а айналдыруымыз керек.

ТҮЙІН

Америкалық дипломат Николас Бернс қатерлі індет адамзат тарихындағы ең ірі жаһандық дағдарыстың біріне айналғанын айтады. «Оның тереңдігі мен ауқымы шексіз. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарыс 7,8 миллиард адамның әрбірінің денсаулығына қауіп төндіріп тұрғанын көріп тұрмыз. Бірақ, бұған қарамастан, біз әрбір елде адами рухтың күші жоғары екенін көрудеміз. Дәрігерлер, медбикелер, саяси басшылар және қарапайым азаматтар төзімділік танытып, көңіл көншітерлік нәтижеге қол жеткізіп отыр. Осы арқылы дүниежүзі халқы аумалы-төкпелі заманда бірігіп, жеңіске жетеді деген үміт ұялатады» депті ол.

Рас, енді біздің қоғам да қазіргі ахуалға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі тиіс. «Вирус жоқ, бәрі саясат» деген тайыз түсінік түбімізге жетіп жүрмесін! Санитарлық талаптарды сақтап, өзімізді, жақынымызды жамандықтан қорғайық! Басқасы басқа, дәл осы қолымыздан келеді ғой. Ойланайықшы!

Айбөпе САБЫРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған