«7-20-25» бағдарламасы бойынша 148,4 млрд теңге несие мақұлданды

69d0354c9315fed17e1f79dd51661b70 resize w 830 h 465 Жаңалықтар

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. 7-20-25 бағдарламасы аясында 22 094 несие алуға өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша 249,7 млрд теңге сомасына 22 094 өтінім қабылданды. Оның ішінде 148,4 млрд теңге несиеге 12 955 өтінім мақұлданды», – деп хабарлады Ұлттық банк.

 Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%-ды құрайды. Ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна – 20% бастап. Несие мерзімі – 25 жыл

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз