«7-20-25»: Атырау облысында 10 отбасы пəтер иесі атанды

WhatsApp Image 2018 08 14 at 14.21.41 1 Жаңалықтар

Атырауда «7-20-25» бағдарламасының бір ай жұмыс қорытындысы бойынша 10 отбасы ипотекалық қарыз алып, пəтер иелері атанды.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 14.21.41 (1)

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының бес əлеуметтік бастамасын іске асыру аясында «7-20-25» қолжетімді баспана бағдарламасы басталған болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстарды Ұлттық банк шілде айында бастады. Бүгінгі күні Атырау облысында 10 отбасы пəтерге ие болып, 16 үміткер оң шешім алды.

«Мен «7-20-25» бағдарламасының арқасында ЦентрКредит банкінің көмегімен бес жылға Нұрсая ықшамауданынан үш бөлмелі пəтер алдым. Алдымен, сіз пəтердің ауданын таңдайсыз, содан соң құрылыс салушымен алдын ала шарт ресімдейсіз. Содан кейін шартты банкке апарасыз, ол жерде құжаттар төрт күннің ішінде қаралады. Мақұлдағаннан кейін нотариусқа барасыз. Құжаттармен барлық жұмысқа төрт-бес күніңіз кетеді», – дейді «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пəтер алған Ербол Есенғарин.

Ұлттық банктің Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Серік Омаровтың айтуынша, осы бағдарлама аясында екінші деңгейдегі 7 банк жұмыс істейді. Бүгінгі күні «ЦентрКредит» банкі ипотекалық несие беруді бастады. Атап айтар болсақ, Еуразиялық банк, АТФ, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, Халық банкі, РБК банкі және Цеснабанк тамыз айының сонында несие беруді бастайды.

Жалпы, «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алудың бірнеше негізгі критерийлері бар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын қамтамасыз ету;
  • Еңбек және / немесе кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыстың болуы;
  • Алдын-ала төлем сомасының болуы;
  • Ипотекалық қарыздардың болмауы;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің жоқтығы (апаттық тұрғын үйді қоспағанда және жатақханада бір отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден кем);

Қарыз алушының тиісті табысының деңгейі болмаған кезде бірлескен қарыз алушыны (жұбайын, ата-анасын, досын) біріктіруге болады, оларға жоғарыда қойылатын талаптар айтылмайды. Сондықтан екінші деңгейдегі банктербірлескен қарыз алушыны/ қосалқы қарыз алушының табысын растау үшін басқа құжаттарды талап етуге құқылы.

Айта кетейік, 2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, биылғы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда. Сондай-ақ, бұл тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші. Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үй құрылысының мұндай өсуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың төмендеуіне оң әсер етеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз