Атырауда кәсіпқой боксшылар журналистермен кездесті (+ВИДЕО)

IMG 20190403 163026 1 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/6pNpbx6-8ro

Atr.kz/3 сәуір, 2019 жыл. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте былтыр күзде құрылған «SULEIMEN promotions» компаниясы сапындағы боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Промоутерлік компания өкілі Халиолла Ақдрашевтің айтуынша, компания атыраулық жас кәсіпкер Сүлеймен Ақдрашевтің бастамасымен құрылған болатын. Бірақ мезгілсіз жеткен ажал оған тың ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, оның жақын адамдары арқылы аталған агенттік жұмысын жалғастырды. Мақсат – бокс пен ММА әлеміндегі спортшыларды қолдау және әлемге таныту.

Компания кеңселері бүгінде елімізде және АҚШ-та жұмыс істейді. Аталған компанияның 24 наурызда «Алматы Арена» кешенінде ұйымдастырған бокс кешіне Ресей, Африка, Венесуэла, Индонезия, Латвия, Өзбекстан, Грузия және басқа да елдерден спортшылар қатысты.

Алдағы міндеттер – АҚШ пен Англияда оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу, әлемдік дәрежедегі бокс кештеріне қатысу. Екіншіден, бұл – олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие бола алмаған спортшыларға арадағы төрт жылды тиімді өткізуге зор мүмкіндік. Үшіншіден, әлеуметтік спорттық жобаларды өткізу жоспарланып отыр.   

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Бейнежазбаны түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз