Тіркелмеген телефондар неліктен сөндірілмегені белгілі болды

qogam Жаңалықтар

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев алдын ала ескертуге қарамастан, Қазақстан тұрғындарын ұялы байланыстан неліктен ажыратпағанын айтып берді.

qogam

Заң бойынша ұялы байланыста жұмыс істейтін телефондар мен басқа да құрылғылардың иесі операторға өз ЖСН-ін (егер ол жеке тұлға болса) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (заңды тұлға) хабарлауы тиіс. Бұл жұмыс қазіргі таңда авторизациядан өтпеген адамдармен тұрақты жүргізіліп келеді, барлық ұялы байланыс операторымен жеке жұмыс істеп жатырмыз. Біз қолайсыздық туғызғымыз келмейді, қайта адамдардың телефонды пайдаланғанын қалаймыз», — дейді ведомство басшысы. Қазіргі уақытта абоненттер ұсынған деректер салыстырылып жатыр. Ол аяқтала салысымен шешім қабылданады, деп толықтырды Абаев.Бұдан басқа, министр Қазақстандағы интернет желісіне қолжетімділік проблемасына түсініктеме берді. Ол «тұрақты жұмыс істемейтін интернет» туралы ақпарат жалған екенін айтты. «Оқтын-оқтын техникалық себептер туындайды. Біздің тарапымыздан ондай жоқ. Министрлік мәселемен тұрақты айналысады, біз жеке өңірлерде, қалаларда әрбір оператордың байланыс сапасын бақылап отырамыз», — деді үкімет отырысының клуарында Дәурен Абаев. Ол өзі үшін интернетке кірудің нақты кестесі жоқ екенін атап өтті. «Кеше интернетке тоғыздың шамасында кірдім, ешқандай проблема болмады. Ақпарат министрлігі желінің жұмысына кедергі келтірмейді», — деді ол. Қазақстанда қолданушылар интернет желісіне қолжетімділік проблемасына, атап айтқанда, YouTube, Facebook және мессенджерлерге кіре алмай қаламыз деп жиі шағымданады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз