Қазақстанда ауа райы бұзылады…

IMG 20181027 102333 Жаңалықтар

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы бұзылады.

IMG_20181027_102333

«Қазгидрометтің» ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстанда ауа райы бұзылады. «Суық атмосфералық ағымдармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына ығысып, демалыс күндері шығыс бағытта қарай жылжиды. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, еліміздің барлық аумағында ауа температурасы төмендейді» делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» қазанның жиырмасынан кейін күн қатты суытатынын ескерткен еді. Бұл кезде солтүстікте күндіз 5 градус, ал түнде 13 градусқа дейін аяз болад. Ал, оңтүстікте түнде бес градусқа дейін суытса, күндіз 18 градус жылы болмақ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз