23 жастағы актер спектакль кезінде сахнада асылып қалды

Жаңалықтар

Мексикада пасха мерекесіне арнап қойылған спектакльде Иуданың рөлін сомдаған актер байқаусызда асылып қалды. The Daily Mail басылымының жазуынша, ер адамның аяғы тайып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

pogudx3k2ivm8vkcrg.e04082ae

Өз-өзіне қол жұмсайтын эпизодты ойнап жатқан 23 жастағы актер мойнына арқан байлап қойып аяғының астында тұрған үстелдің құлап кеткенін байқамай қалады.

Спектакль көрермендері жедел жәрдем келгенше оған көмек көрсетуге тырысқан. Алайда, актер ауруханаға барар жолда жан тапсырды.

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз