1411 CALL орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды

EGOV Ел жаңалықтары Жаңалықтар

 Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды.

Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына  қатысты  кеңес  беретін  call – орталық  қызметкерлері бұдан  былай  атаулы  әлеуметтік  көмек  пен  әлеуметтік  қызметтер  порталының  жұмысына қатысты сауалдарға, сондай ақ, info@info. mintrud.k z электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап бере бастады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Бүгінде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау түседі. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады.

Жыл басынан бері 22 мың қоңырау түссе, олардың басым бөлігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, көпбалалы аналардың ай сайынғы  жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін қамтиды.

 Қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталығына бармас бұрын 1411-ге хабарласып, әлеуметтік қызметтерді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін де білуіне болады» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының хатшысы  Нұрлыбек  Бақтығалиұлы.

1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:

– зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;

– көпбалалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;

 – атаулы әлеуметтік көмек;

– әлеуметтік қызметтер порталы;

еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;

– мүгедек  балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud. kz сайты арқылы да білуге мүмкіндік бар.

Айбөпе САБЫРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған