12 шілде – Балықшы күні

balykoktem 3 1024x682 1 Жаңалықтар

Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Бүгінгі таңда облыс аумағында 18 табиғат пайдала­нушы субъект (оның ішінде екі бекіре балығын өсіру зауыты бар) балық аулаумен айналысады. Олардың күшімен биылғы көктемгі маусымда 6 492 тонна «су маржаны» сүзіліп, кәсіптік балық аулауға бөлінген лимит 87 пайызға игерілді. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 794 тоннаға артық.

12 шілде – Балықшы күні. Кәсіби мереке қарсаңында осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫМЕН сұхбаттасқан едік.

– Алдымен, өзіңіз басшылық жасап отырған салада қордаланған пробле­малар мен олардың шешілу жолдарына тоқталып өтсеңіз?

– Жыл басында Атырауға келген жұмыс сапарында Үкімет басшысы Асқар Мамин балық шаруашылығын дамы­ту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, бұл мақсатта жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін баяндады. Нақтыласам, биылғы сәуір айына дейін балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Кеңеске қатысушылар та­рапынан көтерілген маңызды мәселенің бірі – Каспий теңізі мен Жайық өзенінде кәсіптік балық аулау мерзімін ұзарту болатын. Бүгінде мәселе оң шешімін тауып, көктемгі балық аулау маусымының уақыты Жайық өзенінде – 16 мамырға, ал, Каспий теңізінде – 25 мамырға дейін ұзартылды.

Екінші бір маңызды жағдай – биоресурстарды төрт тоқсанға бөліп төлеу, бе л г і ленг ен төл емақы мөлшерін төмендетуді қарастыру болатын. Эколо­гия, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жүктелген мәселе бүгінде оңынан шешілетін бол­ды. Бұған қоса, балық шаруашылығы саласын­да қосымша субсидиялау түрлерін енгізу де назардан тыс қалмады.

Атап айтқанда: балық өс іруд ің биолог иялық негіздемесінің, құнды балық түрлерінің өндіруші аналық табындарын сатып алу мен ұстау, сондай-ақ, барлық балық өсіру шаруашылықтары үшін дәрілік препараттарды сатып а л у ш ы ғ ы н д а р ы н с у б­сидиялау мақсатында қаражат бөлінетін болып шешілді. Сай­ып келгенде, мұның бәрі балық шаруашылығы саласында жоспарланған жұмыстарды ұтымды ұйымдастырып, табысты өркендетуге, с а л а е ң б е к к е р л е р і н і ң қызметіне деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға, сөйтіп, табысқа жетуіне өзіндік септігін тигізді.

– Енді, осы айтқандары- ңызды нақты сандармен сөйлетсеңіз?

– Бірден айтайын, балық аулау мерзімінің ұзартылуына байланысты, биыл көктемгі маусымға қаралған лимит 87 пайызға игеріліп, былтырғыдан 800 тоннаға жуық балық артығымен ауланып отыр. Жыл басынан бері жануарлар дүниесін пайдалануға 1 434 рұқсат қағазы берілді. Өткен жылы ауланған 13 100 тоннаға жуық балықтың басым бөлігі өңделді. Соның ішінде, 8 964 тоннаның үстінде балық не­месе 69,5 пайызы экспорт­талды. Нақтысын айтқанда, Ресей, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Франция, Литва және Израиль елдеріне шығарылды.

Осылайша, тек биылғы жылдың басынан бері 6 492 тонна балық ауланып, оның 5 мың тоннасы немесе 81,2 пайызы өңделді, 4 060 тоннасы экспортталды. Барлық балық шаруашылығы субъектілері бойынша бес мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Ғылыми-өндірістік зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, «Жайық-Атырау» және «Атырау» бекіре балығын өсіру зауыттары үшін 313 дана бағалы балық ауланып, бұл көрсеткіш те былтырғыдан 1,2 есеге көбейді. Жақында осы зауыттарда өсірілген бекіре тұқымдас балық шабақтарының алғашқы партиясы Жайық өзеніне жіберілді. Жоспарға сай, жалпы, жыл ішінде 7,5 млн- нан астам шабақ табиғи өсіп- жетілу ортасына жөнелтіледі деп күтілуде. Тәжірибе көрсеткеніндей, мұның өзі бекіре тұқымдас балық қорын сақтап, «су маржандарының» санын молайтуға мүмкіндік береді.

– Балық шаруашылығының болашағы, алдағы жоспарлар жайында не айтар едіңіз?

– Салалық министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрайды. Оның 45 мың тон­насы балық аулау кәсібіне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашылығына тиесілі. Со­нымен қатар, 30 мың тоннасы экспортқа шығарылса, 43,5 мың тонна өнім импорттала­ды. Алдағы уақытта отандық нарықтағы көлемін 120 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар екендігі атап көрсетілген. Анығын айтқанда, перспективалық жоспарда көзделгеніндей, алабалық пен Атлант ақсеркесін өсіруді қолға алудың нәтижесінде импорт көлемін айтарлықтай төмендетуге болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда балық аулаумен бір мыңның үстінде субъект айналысады. Оларға 1 650-ге тарта балық шаруашылығы су айдында­ры мен телімдер бекітіліп берілген. Барлығы 11 мың адам жұмысқа тартылған. Соңғы жеті жылда өндірілген балық көлемі 800-ден 7 000 тоннаға немесе 9 есеге арт­ты. Мұнда әрине, атыраулық балықшылардың өзіндік үлесі бары кәміл. Облыстағы балық шаруашылықтары бөлінген лимиттің 90 пайызға жуығын игеріп отыр.

Келешек жайына келсек, таяу жылдары облыс аумағында балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында бірнеше жаңа жобаны жүзеге асы­ру жоспарлануда. Негізінен, бекіре тұқымдас балық өсіру мен олардың қорын молайтуға көбірек көңіл бөлінеді. Со­нымен бірге, осы салаға суб­сидиялау жүйесінің дендеп енгізілуіне баса назар ауда­рылады. Мәселен, албырт балық пен бекіре тұқымдас балық түрлерін және олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықты са­тып алу шығындарын суб­сидиялау жайы бақылауда ұсталады. Сондай-ақ, осы жыл­дан бастап Ресеймен шека­ралас Қиғаш өзенінде түнгі мезгілде ау тартуға, балық қабылдаған су кемелерінің жүруіне рұқсат берілді. Оған қоса, бұған дейін басталған Жайық пен Қиғаштағы өзен ар­насын кеңітіп, түбін тереңдету жұмыстары жалғастырылады.

Бүгіндері балықшылар күзгі балық аулау маусымы­на дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Кәсіби мереке – Балықшы күні құтты, ау

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз