1 қыркүйекте Мемлекет басшысы қазақстандықтарға қандай мәлімдеме жасайды?

2020082512385963927 2020082512264890467 nats Жаңалықтар

Atr.kz/26 тамыз, 2020 жыл. Онда Президент еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттарын атап көрсетеді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысының былтырғы халыққа арналған Жолдауы 2019 жылы 2 қыркүйекте жарияланды. Президент ол кезде Онда ол жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату, бейбіт митингтер өткізуге рұқсат беру, Абайдың 175 жылдығын тойлау, басшының қоластындағыларының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауаптылығы және тағы басқалар жайлы айтты.

«zakon.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз