ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ ЖАСАМПАЗ ЖОЛЫ

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы – 2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,бір  болашақ»  атты  Жолдауы  облысымызда   қызу  талқыланып, түсіндірілуде.

Біздің еліміздің мақсаты айқын. «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп жариялаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отыздыққа енудің нақты қадамдарын айқындап берді. Білім, ғылым, медицина, экономика, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің маңызды компонентін құрайтын барлық жетекші салаларға жаңа міндеттер жүктеу арқылы елімізді ең асыл мұратқа жетелейтін Жолдау өміршеңдігімен, нақтылығымен, айқындылығымен құнды болып отыр. Бастысы, Жолдау ел азаматтарының әл-ауқатын көтермелей отырып, елімізді әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің құрамына енгізуге бағытталған. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткеніндей, күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады.

alogo2050«Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.

Елбасы Жолдауын облыс тұрғындары да жылы қабылдап, оқып танысуда. Кеше Мемлекет басшысының жаңа, стратегиялық маңызы зор Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиналысы өтті. Онда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жан-жақты сараланған баяндама жасады. 

Облыстың еңбек ұжымдарында да Жолдауды талқылау жиындары өтуде. Сондай басқосулар облыстық перзентханада (суретте) және барлық денсаулық сақтау мекемелерінде өтуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз