ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Махамбет атындағы облыстық драма театрында Ақұштап ақынның үш томдық жыр жинағының тұсаукесері болды. Тұсаукесер рәсімін Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Атырау өлкесі ақындарының абызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп жасады.

«Қымбатты  Ақұштап! Сіздің поэзияңызды Атырау жұрты іздеп жүріп оқиды және жақсы көреді, сүйеді»,-деді облыс басшысы «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған өршіл рухты, семсердей жарқылдаған қазақтың батыр да ақын қызына. Тұсаукесерге қатысқан жұртшылық қаламгерге ыстық тілектерін арнап, гүл шоқтарын ұсынды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз