ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚҚА – АЙРЫҚША НАЗАР

Басты жаңалық

Белгілі болғанындай, күзгі-қысқы маусымдарға жүз пайыз дайындықпен отырған бірде-бір өңір көрінбейді. Жылу қазандықтары, су құбырларындағы жөндеу жұмыстары кей өңірлерде толық аяқталмаған. Коммуналдық қызмет үшін тұрғындар қарыз болған төлем сомасы тіпті адам шошырлық. Төтенше жағдайлар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі өзге де тиісті органдардың хабарламасын тыңдаған бірінші вице-премьер Бағытжан Сағынтаев «әдемі слайдтар жасап, әкімдіктермен арада хат алмасумен айналысқаннан гөрі, нақты жұмыстарды атқарғанда, мұндай төмен деңгейдегі есеп тыңдалмаған болар еді» деп, бақылауды күшейтуді тапсырды.
Осы жерде айта кеткен жөн, Үкіметте ел экономикасы үшін маңызды құжат қабылданды. Табиғи ресурстарды тиімді басқарып, шикізат саласынан түсетін түсімдерді пайдалану жөніндегі бекітілген тұжырымдаманы Мұнай-газ министрі Ұзақбай Қарабалин таныстырды. Министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай қазақстандық мұнай экспорты 90 миллион тоннаға жетеді. Пессимистік болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде. Қазақстанда бір ғасырдай уақыт бойы өндіріліп келе жатқан көмірсутек ресурстарының кейбір көрсеткіштеріне тоқталған министр, «Мемлекет 2020 жылға қарай мұнай экспортын барынша азайтып, ішкі тұтынуды толық қамтамасыз ете алады» деп атап өтті. Айтуынша, КТК, Атырау-Самара, Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыттары болады.
Үкімет отырысынан соң, тиісті басқарма басшыларына тапсырма берген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембав маусымдық дайындықтың күн тәртібінен түспейтіндігін, «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Жол картасы», «Балапан» бағдарламаларының орындалысы басты назарда болатындығын айтты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған