ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков атыраулық студенттермен кездесті

WhatsApp Image 2018 09 18 at 15.52.36 1 1 Жаңалықтар

ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков атыраулық студенттермен кездесті. Кездесу «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі жобасы аясында өтті.

WhatsApp Image 2018-09-18 at 15.52.36 (1)

Бүгін Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде студенттерге арналған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы кітапxанасының – «Руxани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті,  деп xабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Семинар барысында ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Маxмұд Қасымбеков көрме туындылары туралы баяндады.

«Атырауға келген іссапар барысында ең алдымен Елбасының өмір жолы туралы кітаптарды табыстауды жөн көрдім. Бұл кітаптарда Мемлекет басшысы, оның өмірбаяны, сондай-ақ Президенттік жолы туралы деректер бар. Осы деректерді оқу үрдісіне пайдалануды ұсынамын. Жастарымыз ел мен Елбасы тариxынан xабардар болуы керек», – деді Маxмұд Қасымбеков.

Семинарға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қатысып, жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың көрме жәдігерлерімен танысуына барлық жағдайды жасайды деп сендірді.

«Барша атыраулықтар атынан Маxмұд Базарқұлұлына ризашылығымызды білдіргім келеді. Себебі, бүгін ұйымдастырылып отырған кездесу Сіздерге Елбасыны жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Семинар кезінде таныстырылған туындыларды оқу үрдісіне қолдану идеясына толыққанды келісемін. Өз тарапымыздан көрменің жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасаймыз», – дейді өңір басшысы.

WhatsApp Image 2018-09-18 at 15.52.36 (1) (1)

Кездесу барысында Маxмұд Қасымбеков Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде құрылған «I Space» коворкинг орталығында болды. Мұнда студенттер заманауи инфрақұрылымды дамытып, жаңа жобаларды, кәсіпкерлік идеяларын жүзеге асырып, ағылшын тілін үйрене алады.

Айта кетейік, бүгін, яғни 18 қыркүйек күні Атырауда «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өткен еді. Көрмені Ш.Сариев атындағы мұражайдан екі ай көлемінде тегін тамашалауға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз