НӘТИЖЕ КӨРІНЕ БАСТАДЫ

Жасыратыны жоқ, елімізде заңдар қабылданғанмен, бәрі бірдей толық орындала бермейтіні бар ғой. Мәселен, осыдан тоғыз жылдай бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арнайы заң қабылданып, квота бөлінді. Оның жүзеге асуы жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды. Алайда, өңірімізде шоғырланған шетелдік компаниялар мүгедектерді қызметке алуға құлықсыз. Оның үстіне, олардың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ауыр жұмысқа араласа алмайды. Ал, Президент Жолдауда мүгедектерді еңбекке араластыру жайына көбірек тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді. Елбасының осынау тапсырмасын орындап, мүгедектерге қамқорлық көрсету мақсатында жақында аймақ басшысы селекторлық кеңес өткізді. Мәселенің мәнісінен хабардар ол құзырлы мекемелерге тапсырма берді. Атқарылып жатқан шаруалардың нәтижесі іспеттес мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алғаш рет өткізіліп отырғандықтан ба, шараға келушілерден аяқ басар жер болмады. Саулығында кінәрат болғанмен, бәрінің көңілдері сайрап тұр. Адал еңбек еткісі келеді.

 

Бүгінгі таңда облыста 18 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген екен. Олардың жұмыспен қамтылуы міндеттелген меже – үш пайыздан асады. Жәрмеңке тоқсан сайын өтіп тұрады деп айтылды ғой, меніңше, осындай шарадан кейін көрсеткішіміз бұдан да жақсара түсетініне сенімдімін.

Амантай Досаманов,
ІІ топ мүгедегі,
Атырау қаласы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз