Н. НАЗАРБАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Басты жаңалық

 

Осыдан соң ресми мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев тарихи шартқа қол қойылуымен барша азаматтарды құттықтады.

«Қымбатты Қазақстанның, Ресей мен Беларусь елінің азаматтары! Ханымдар мен мырзалар! Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа салтанатты түрде қол қою қоғамдық өкілдер, зиялы қауым мен үш елдің Парламент депутаттарының корпусы, баспасөз өкілдері мен жастар қатысып отыр. Мен баршаларыңызды Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылуымен құттықтаймын! Біз өзіміздің экономикалық әлеуетімізді халықтарымыздың игілікте өмір сүруі үшін біріктіріп отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ бұл ең алдымен экономикалық бірлестік, қатысушы мемлекеттердің саяси егемендігіне еш қатысы жоқ», – деп атап өтті Н. Назарбаев.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған