МИЯЛЫҒА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ

Облыс басшысының облыстық бюджеттен төрт түлік малға қажетті жемшөп қорын жасақтау үшін және мал тұқымын асылдандыру бағытында 500 млн. теңге көлемінде субсидия бөліп отырғаны саланың алға басуына бағытталған қадамның бірі екені даусыз. Батыс Қазақстан облысындағы «Айсұлу» асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылығынан қазақтың ақ бас сиырының тұқымын көбейту мақсатында бес бас асыл тұқымды бұқа мен Құрманғазы ауданындағы «Ақ жонас» өндірістік кооперативінен 35 бас асыл тұқымды еділбай қошқарын сатып алу мүмкіндігіне ие болдық. Шаруашылықта 220 бас қазақтың ақ бас сиыры өсірілуде. Қаракөл қойына деген сұраныстың аз болуына байланысты қазақтың еділбай қойының тұқымын өсіру ісін қолға алып, шаруашылықта жергілікті 40 тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз.

 

Сондай-ақ, Бақтықожа Ізмұхамбетов «Миялы селосында кіші авиацияға арналған әуежай құрылысын жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтауға қаражат қарадық. Болашақта мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, әуежай құрылысы салынады» деген еді. Бұл – облыс орталығынан шалғайда орын тепкен аудан тұрғындарының көптен күтіп жүрген арманы десем, артық айтқаным емес.

Оңғар ЖАНЫҚҰЛОВ,
«Тасшағыл» ауылдық округіндегі «Тасшағыл»
өндірістік кооперативінің басшысы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз