МҮДДЕСІ БІР ЕЛДІҢ МҰРАТЫ ДА БІР

Басты жаңалық

– Қазақстан мен Ресей – ғасырлар бойы қанаттаса өркендеп келе жатқан елдер. Біз – құрлықта да, теңізде де көршілес, шекаралас мемлекеттерміз. Соған сәйкес трансшекаралық мәселелер, соның ішінде Жайық өзенінің проблемалары бойынша түйіндер бірлесе қарастырылып келе жатыр. Біздің басты байлығымыз – мұнай мен газ. Сол бағытта Каспий құбыр консорциумы жобасы Қазақстан мұнай өндірісінің тарихындағы маңызды саланың бірі саналады. Бүгінгі күні ол – қазақстандық мұнайды экспорттаудың басым бағыттарының бірі. Осы жобаны игеруде де екі ел ынтымақпен еңбек етуде. Жалпы, саяси-экономикалық, экологиялық, сауда, инфрақұрылым, мәдениет пен өнер саласында да үлгілі жұмыс жасаудамыз. Екі ел Президенттері бір-бірін қашанда қолдап келеді. Қоян-қолтық араласқан және бір-бірін жақсы түсінетін мемлекет екендігіміз де рас. Басқа мемлекеттерге қарағанда ортақ мүддеміз көп. Сол себепті де Сізді Атырау жерінде көргеніме қуаныштымын, – деді аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы.
Ресей консулы да облыс басшысына жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.
– Бізді екі елдегі қалыптасқан стратегиялық серіктестік бұрынғыдан да жақындата түсті деп ойлаймын. Әлемдік даму үрдісіндегі міндетіміз де бір. Ол – қуатты мемлекет құру, халықтың әл-ауқатын арттыру. Соған орай аймақаралық және трансшекаралық мәселелер де түсіністікпен шешіліп келеді. Ортақ мүдде үшін бірлесе қызмет етудегі еңбектерімізге жеміс тілеймін, – деп атап өтті консул Саид Магомедұлы.
Содан кейін екі еларалық байланыс, экономика, экология, мұнай-газ өндірісі, Жайық өзені проблемалары және басқа да мәселелер талқыланды.

Қ.САТУҰЛЫ.
Суретті түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған